«¿Qué tipo de turista eres? «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында

2026 жылдың 09 қазанында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында шет тілдері кафедрасының оқытушысы А.С. Полторанина 4 курс студенттері үшін испан тіліндегі «¿Qué tipo de turista eres?» («Сен қандай туристсің?»)  іс-шараны өткізді.

Сабақ барысында студенттер туризмнің әр түрлерінің ерекшеліктерін, бұқаралық туризмнің қоршаған ортаға әсерін және табиғи және мәдени көрікті жерлерге жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын талқылады. Тұрақты туризм қағидаттарына, экологиялық мәдениетке және әр саяхатшының қоршаған ортаны қорғауға деген жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Іс-шараның  тәжірибелік бөлігі экологиялық туризмді насихаттауға және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған тақырыптық плакаттар әзірлеуді көздеді. Өз жобаларымен жұмыс істей отырып, студенттер шығармашылық қабілеттерін көрсете алды, испан тілін білімдерін қолданды және табиғи мұраны сақтау бойынша өз идеяларын ұсына алды.

Іс-шара студенттердің тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға, олардың экологиялық көкжиегін кеңейтуге және саяхат пен қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Саяхат – бұл әлемді ашып қана қоймай, оның болашағына қамқорлық жасау!