REI халықаралық ұйымы өкілдерінің ҚАЕУ-ге ресми сапары
2025 жылғы 16 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Resource Exchange International» халықаралық үкіметтік емес ұйымының өкілдерімен ресми кездесу өтті. Іс-шараға университет кафедраларының меңгерушілері мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – одан әрі ынтымақтастық пен академиялық өзара іс-қимылды кеңейту келешегін талқылау болды. Атап айтқанда, бұл оқытушылар құрамымен алмасу бағдарламалары, АҚШ-тан мамандарды тарту, сондай-ақ ҚАЕУ оқытушыларын американдық жоғары оқу орындарына жіберу мүмкіндіктері туралы болды. Сонымен қатар, ҚАЕУ-де оқу үшін шетелдік студенттер мен магистранттарды тарту нұсқалары талқыланды.
REI делегациясының құрамына кіргендер:
- Рональд Уайли – REI өңірлік директоры,
- Джанин Уайли – ұйымның қызметкері,
- ғылым докторы Рэндал Бруинс – ЭНАКТУС кеңесшісі, ерікті,
- Тимоти Мур – инженер-сәулетші, жоба менеджері, ерікті,
- Вэнди Мур – коммуникация маманы, кәсіби редактор және жазушы, ерікті,
- Травис Уильямсон – IT саласының бағдарламашысы, ерікті.
Кездесу достық және сындарлы атмосферада өтті. Қатысушылар болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгіледі. ҚАЕУ REI делегациясына сапары және бірлескен білім беру бастамаларын дамытуға мүдделілігі үшін ризашылығын білдіреді.









