REI халықаралық ұйымы өкілдерінің ҚАЕУ-ге ресми сапары

2025 жылғы 16 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Resource Exchange International» халықаралық үкіметтік емес ұйымының өкілдерімен ресми кездесу өтті. Іс-шараға университет кафедраларының меңгерушілері мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – одан әрі ынтымақтастық пен академиялық өзара іс-қимылды кеңейту  келешегін талқылау болды. Атап айтқанда, бұл оқытушылар құрамымен алмасу бағдарламалары, АҚШ-тан мамандарды тарту, сондай-ақ ҚАЕУ оқытушыларын американдық жоғары оқу орындарына жіберу мүмкіндіктері туралы болды. Сонымен қатар, ҚАЕУ-де оқу үшін шетелдік студенттер мен магистранттарды тарту нұсқалары талқыланды.

REI делегациясының құрамына кіргендер:

  • Рональд Уайли – REI  өңірлік директоры,
  • Джанин Уайли –  ұйымның қызметкері,
  • ғылым докторы Рэндал Бруинс – ЭНАКТУС кеңесшісі, ерікті,
  • Тимоти Мур –  инженер-сәулетші, жоба менеджері, ерікті,
  • Вэнди Мур – коммуникация маманы, кәсіби редактор және жазушы, ерікті,
  • Травис Уильямсон – IT саласының бағдарламашысы, ерікті.

Кездесу достық және сындарлы атмосферада өтті. Қатысушылар болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгіледі. ҚАЕУ REI делегациясына сапары және бірлескен білім беру бастамаларын дамытуға мүдделілігі үшін ризашылығын білдіреді.