«Салық мәдениеті: жастар және мемлекет» өңірлік жастар жобасы аясындағы жұмыс кездесуі

2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінің өкілдері 2026-2027 оқу жылына арналған  «Салық мәдениеті: жастар және мемлекет» өңірлік жастар жобасын іске асыруға арналған жұмыс кездесуіне қатысты. Шараны Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырды.

Жұмыс кездесуі ШҚО бойынша ҚАЕУ мен МКД арасындағы стратегиялық  серіктестік туралы Меморандум шеңберінде, сондай-ақ «Заң және тәртіп» жалпыұлттық тұжырымдамасын іске асыру мақсатында өтті.

Іс-шараға бизнес, құқық және педагогика факультетінің деканы Г.А. Мензюк, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі К.О. Алембаев және бизнес кафедрасының аға оқытушысы О.Б. Лейман қатысты.

Жобаның мақсаты – жастардың салықтық, қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, салықтық волонтерлікті дамыту, сондай-ақ өңірдің мемлекеттік органдары, білім беру ұйымдары мен студент жастары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Жобаның серіктесі заң ғылымдарының докторы К.Х. Рахимбердин басқаратын «Қазақстандық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры» Қоғамдық қоры болып табылады.

Қатысушыларға ШҚО бойынша МКД басшысы С.С. Бимағамбетов құттықтау сөз сөйледі. Саят Сайлаубекұлы жастардың салық мәдениетін арттырудың негізгі бағыттарын белгілеп, қоғамдағы құқықтық мәдениетті дамытудың өзекті мәселелеріне назар аударды.

Кездесу барысында К.Х. Рахимбердин жоба тұжырымдамасын ұсынды. Қатысушылар оның мақсаттары мен міндеттерін, студенттер мен оқытушылардың қатысуының ықтимал нысандарын, сондай-ақ бірлескен конкурстар, викториналар, ағартушылық және волонтерлік іс-шараларды өткізу  келешегін талқылады.

Жоба ақпараттық-ағарту және білім беру іс-шараларының кешенін ұйымдастыруды көздейді. Негізгі бағыттардың бірі қаржы-экономикалық, заңгерлік, басқарушылық және сабақтас білім беру бағдарламаларының студенттерін біріктіретін «ШҚО салық еріктісі» клубының қызметі болады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастамаларды жүзеге асырғаны және белсенді ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы