Self-Leadership: сөйлеу және вербалды емес қарым-қатынас шеберлігі

2026 жылғы 4 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Ғылым мен білімнің болашағы: халықаралық тәжірибе, инновациялар және көшбасшылық» Халықаралық ғылыми конгресі аясында «Self-Leadership» сараптамалық кездесуі өтті. Спикер, Карисса Фрейберг – авторы, Клемсон Университетінің ағылшын тілі кафедрасының доценті, Колорадо штатынан (АҚШ) сертификатталған нұсқаушы.

Кездесу өзін-өзі таныстыру дағдыларын дамытуға, артикуляциялық аппараттың жұмысына және ағылшын тілінің ерекшеліктеріне арналды. Карисса Фрейберг айтылу және әртүрлі екпіндер туралы айтты,  тәжірибелік ұсыныстармен бөлісті және дыбыстарды анық айтуға бағытталған жаттығулар жасады. Студенттер жалпы сөйлеу қателіктерін талдап, дикцияны жақсарту бойынша кеңестер алды.

Спикер көп мағыналы сөздерді қолдануға, сондай-ақ олардың  тіл иелері мен ағылшын тілі шет тілі болып табылатындардың қабылдауындағы айырмашылықтарға ерекше назар аударды. Қатысушылар онлайн-аудармашылардың көмегімен осындай сөздерді аудару ерекшеліктерін қарастырып, әртүрлі елдердегі жеке лексикалық бірліктердің жазылуы мен мағынасындағы айырмашылықтарды талқылады.

Карисса Фрейберг сонымен қатар студенттерді Альберт Мерабианның коммуникациялық моделімен таныстырды және ақпаратты берудегі вербалды емес құралдардың рөлін түсіндірді. Қатысушылар дауыс екпіні, ымдау, ишара және дене тілі сөйлеуді қабылдауға қалай әсер ететінін, өз ойларын сенімді түрде білдіруге және тиімді қарым-қатынас орнатуға көмектесетінін талқылады.

Студенттер кездесуге белсенді қатысып,  тәжірибелік жаттығулар жасап, ағылшын тіл иелерінен құнды ұсыныстар алды. Expert Talk қатысушыларға сөйлеу дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар сенімді сөйлеу мен саналы вербалды емес қарым-қатынастың өзін-өзі таныстыру және көшбасшылық қабілеттерін дамытумен қалай байланысты екенін жақсы түсінуге көмектесті.