«Шет тілдерін оқыту: мәселелері мен шешімдері» секциясының қорытындысы

2026 жылғы 16 сәуірде «Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін» атты XVI Халықаралық жас ғалымдар форумы аясында Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттерді, магистранттарды және жас зерттеушілерді біріктіріп, шет тілдерін оқытудың заманауи тәсілдері бойынша өзекті баяндамалар ұсынған «Шет тілдерін оқыту: мәселелер мен шешімдер» секциясы өтті.

Қатысушылар сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дағдыларын дамыту, оқытуда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану, ойын, жобалау және коммуникативтік әдістерді пайдалану, сондай-ақ білім алушылардың мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыру мәселелерін қарастырды.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Айман Имашева;

2 орын – Лаура Орынқанова және Екатерина Моторина;

3 орын-Диляра Мұхтар, Анна Ларионова және Адина Тоқпаева.

Қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жоғары дайындық деңгейі, ғылыми қызығушылығы және заманауи тіл педагогикасын дамытуға ұмтылысы үшін алғыс айтамыз.