Шымкенттен келген серіктестердің қонақ дәрісі

2026 жылғы 5 қарашада «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан-Американдық еркін университеті мен «Мирас» университетінің ынтымақтастығы аясында құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының студенттері үшін «Тауарларды импорттау кезінде ҚҚС алудың құқықтық аспектілері» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Спикер ретінде «Мирас» университетінің құқық секторының аға оқытушысы, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Талғат Бақытұлы Тіленшин сөз сөйледі.

Дәріс барысында тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын өндіріп алудың құқықтық негіздері мен  тәжірибелік ерекшеліктері, сондай-ақ салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік кірістер органдарының рөлі қарастырылды. Тәжірибеден алынған мысалдарда спикер сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде салық нормаларын дұрыс қолданудың маңыздылығын көрсетті.

Дәріс студенттерге салықтық және кедендік реттеу саласындағы білімдерін тереңдетуге, Мемлекеттік кірістер органдарының  тәжірибелік қызметімен танысуға және мемлекеттің заңдылық мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі салық тәртібінің рөлін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.

Талғат Бақытұлына, «Мирас» университетіне және Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне мазмұнды дәріс және жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!