Сингапурдан студенттер ҚАЕУ-ге  білім беру тағылымдамасынан өту үшін келді

Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Сингапур әлеуметтік ғылымдар университеті арасындағы жаңа серіктестік аясында жақында Қазақстанға Сингапурдан үш студент келді. Олар ҚАЕУ-де екі айлық білім беру  іс-тәжірибесін бастады.

Өскеменде қонақтарды университетте болған кезінде оларға көмектесетін және еріп жүретін ҚАЕУ студенттерінің тобы қарсы алды.

Мерекелік демалыс күндері студенттер Өскемендегі қызықты жерлерге барып, сондай-ақ ҚАЕУ-де оқитын басқа да шетелдік студенттермен танысып үлгерді.