Сингапурдан студенттер ҚАЕУ-ге білім беру тағылымдамасынан өту үшін келді
Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Сингапур әлеуметтік ғылымдар университеті арасындағы жаңа серіктестік аясында жақында Қазақстанға Сингапурдан үш студент келді. Олар ҚАЕУ-де екі айлық білім беру іс-тәжірибесін бастады.
Өскеменде қонақтарды университетте болған кезінде оларға көмектесетін және еріп жүретін ҚАЕУ студенттерінің тобы қарсы алды.
Мерекелік демалыс күндері студенттер Өскемендегі қызықты жерлерге барып, сондай-ақ ҚАЕУ-де оқитын басқа да шетелдік студенттермен танысып үлгерді.




