Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының доцентінің қонақ дәрісі

2026 жылғы 7 қазанда «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету шеңберінде ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының студенттері үшін «Тәжікстан Республикасының азаматтық құқығының ерекшеліктері» тақырыбында онлайн-дәріс өтті.

Спикер ретінде заң ғылымдарының кандидаты, Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық құқық кафедрасының доценті Зайнура Исрофиловна Исмоилова сөз сөйледі.

Дәріс барысында Зайнура Исрофиловна студенттерді Тәжікстан Республикасының азаматтық заңнамасының негізгі ережелерімен, неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеу ерекшеліктерімен, сондай-ақ елдің мәдениеті мен қоғамдық өмірінің жекелеген аспектілерімен таныстырды.

Кездесу соңында мазмұнды пікірталас өтті. Студенттер Тәжікстанның құқықтық жүйесіне, дәстүрлері мен қазіргі өміріне белсенді қызығушылық танытып, оларды қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейтуге және құқықтық сауаттылығын арттыруға, мәдениетаралық диалогты дамытуға, академиялық ынтымақтастықты, елдер мен халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.

Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына және жеке Исмоилова Зайнура Исрофиловнаға ынтымақтастығы мен мазмұнды дәрісі үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы