Бакалавриат
Бакалавриат – жоғары білімнің алғашқы сатысы, мектеп пен колледж түлектеріне таңдап алған мамандығы бойынша жоғары білім алуға мүмкіндік береді.
ҚАЕУ-да оқу бағыттары бойынша кафедралар құрылған, бұл әртүрлі салалар бойынша мамандарды сапалы және мақсатты түрде даярлауға мүмкіндік береді:
- «Шет тілдері» кафедрасы
- «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы
- «Педагогика және психология» кафедрасы
- «Бизнес» кафедрасы
Университет моделі екі бағдарламаны қамтиды: американдық және қазақстандық. Қамқоршылар кеңесі мен АҚШ-тың «Co-Serve International» ұйымының қолдауымен американдық бағдарлама аясында келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды даярлау жүзеге асырылады:
- 6В01703 – «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын)»
- 6В02301 – «Аударма ісі»
- 6В03101 – «Халықаралық қатынастар»
- 6В04102 – «Менеджмент»
- 6В06101 – «Ақпараттық жүйелер»
- 6В11101 – «Туризм»
Американдық бағдарлама:
- оқу пәндерін ағылшын тілінде шетелдік және қазақстандық оқытушылармен оқу;
- қосымша мамандану (minor);
- ҚАЕУ-дың халықаралық бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі (АҚШ-та тағылымдама, «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасы және т.б.);
Американдық бағдарламаның түлектері:
- ағылшын тілін еркін меңгереді;
- мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесіне ие;
- жаһандық ойлауға қабілетті;
- американдық бағдарламаны аяқтағаны туралы диплом алады.
Оқыту 3 тілдің бірінде өтеді:
қазақ, орыс немесе ағылшын.
Оқыту түрі:
- күндізгі-қысқартылған (колледжден кейін, ұқсас мамандық бойынша, немесе екінші жоғары білім алу үшін университеттен кейін)
Оқуды аяқтағаннан кейін бітірушіге «Бакалавр» академиялық дәрежесі берілген диплом тапсырылады.
Бакалавриатқа қабылдау шарттары:
Бакалавриат бағдарламаларына құжаттар қабылдау талапкерлердің өтініштері негізінде конкурстық тәртіппен, қабылдау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
- Мектеп түлектері және өткен жылғы түлектер – Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері бойынша;
- Колледж түлектері – егер грантқа түскісі келсе – ҰБТ нәтижесі бойынша, ал ақылы бөлімге – әңгімелесу нәтижесі бойынша;
- ЖОО түлектері – ақылы бөлімге әңгімелесу нәтижесі бойынша.
Назар аударыңыз!
ҰБТ-ның өту балы мектеп түлектері үшін:
- «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша – кемінде 75 балл;
- «Құқық» дайындау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;
- басқа білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 50 балл.
Колледж түлектері үшін:
- «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша – кемінде 35 балл;
- басқа білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 25 балл.
Сонымен қатар, ҰБТ-ның әр пәні бойынша (Математикалық сауаттылық пен Оқу сауаттылығы – кемінде 3 балл) және (немесе) шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл жинау қажет.
Назар аударыңыз!
Американдық бағдарламаға түсушілер міндетті түрде ағылшын тілі бойынша тест тапсырып, сұхбаттан өтеді. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар талапкерлер тестілеу мен сұхбаттан босатылады.
Оқуға қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізімі
Мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу және ақылы бөлімге түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисіндегі электронды құжат (түпнұсқа және көшірме);
- 3×4 см көлеміндегі 4 фотосурет;
- 075/у үлгісіндегі медициналық анықтама;
- денсаулық паспорты (немесе 063 үлгісіндегі екпе картасы);
- ҰБТ сертификаты;
- мемлекеттік білім беру грантын алу құқығын растайтын құжат (бар болған жағдайда);
- әскерге шақыру куәлігі немесе әскери билет (ер балалар үшін, көшірме);
Шетелдік студенттер үшін
Шетелдік азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдау Қабылдау комиссиясы күнтізбелік жыл ішінде өткізетін сұхбаттасу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Шетелдік азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
Шетелдік студенттер үшін қосымша келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Оқудан өтуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын медициналық анықтама;
- Медициналық сақтандыру;
- Соттылығының бар немесе жоқтығын растау туралы анықтама.
Ескерту:
Шет тілінде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырған аудармасы болуға тиіс. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқудың бірінші семестрі ішінде адамдарды қабылдағаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.