«Тұран-Астана» Университетіндегі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2026 жылғы 29-30 сәуірде «Тұран-Астана» Университетінде Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 80 жылдығына арналған «ЖИ-трансформация: университет зертханасынан нарыққа дейінгі инновациялар жолы» атты Халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты ғалымдардың, әзірлеушілердің, бизнес өкілдерінің және мемлекеттік құрылымдардың күш-жігерін біріктіріп, ізашарлардың мұрасы мен үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерді коммерцияландырудың тиімді тетіктерін іздеу болды.
Күндізгі форматта конференцияға ҚАЕУ заң клиникасының басшысы Мужчиль Савелий Александрович қатысты.
«ЖИ дәуіріндегі құқықтық егемендік: ұлттық стратегиялар және халықаралық стандарттар» секциясы аясында университетіміздің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Гитерман Аделина онлайн-баяндама жасады. Баяндаманың тақырыбы – «Цифрлық трансформация дәуіріндегі бизнесті құқықтық сүйемелдеу» (ғылыми жетекшісі — С.А.Мужчиль).
«Тұран-Астана» Университетіне жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы



