Тәжірибедегі ауызша аударма өнері

2026 жылдың 1 қазанында «Ауызша аудармаға кіріспе» пәні аясында 6В02301 «Аударма  ісі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері үшін Қазақстан-Американдық еркін университетінің құрметті профессоры Брайан Янгтың қатысуымен сұхбат-сабақ өтті.

Кездесу «Инновация» тақырыбына арналып, тікелей диалог форматында өтті. Студенттер сабақта алған білімдерін іс жүзінде қолдана алды, аудармашылар рөлін атқарды және ауызша екі жақты дәйекті аударманы орындады.

Бұл формат болашақ аудармашыларға ауызша сөйлеуді қабылдау және талдау, тілдер арасында жылдам ауысу,  пікірлердің мағынасын дәл жеткізу және нақты қарым-қатынас жағдайында әңгімелесушілермен өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Сұхбат сабағы студенттерге кәсіби аударма ісінің практикалық тәжірибесін алуға және ағылшын тілі иесімен тікелей қарым-қатынас жасау дағдыларын тексеруге мүмкіндік болды.