Университет командасы қалалық волейбол турнирінде II орын алды

Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында волейболдан қалалық турнир ұйымдастырды. Жарыс жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, волейболды дамыту және командалық рухты нығайту мақсатында өткізілді.

Турнирге қаланың 12 командасы қатысты. Әр команда әр ұпай үшін соңына дейін күресіп, алаңда ең жоғары деңгейге жетті.

Осы  шиеленіскен күресте біздің университеттің командасы жоғары нәтиже көрсетіп, құрметті II орынға ие болды!

Біздің құраманың құрамы:

Мұхаметжанов Әмірхан Нұрланұлы

Мұхаметқан Ернат Талғатұлы

Қуанбеков Нұрдәулет

Рахатов Мансұр Фархатұлы

Ахметбеков Дәулет Темірбекұлы

Алсуфьеа Виктория

Авдеева Наталья

Дрогалева Анастасия

«Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары Шынар Нұрлатқызы мен Бауыржан Дәуітұлына ерекше алғыс білдіреміз, олар барлық жарыстар барысында студенттерге қолдау көрсетіп, команданы ұйымдастыруға көмектесті және университеттің абыройын лайықты көрсетуге зор үлес қосты.

Біз барлық спортшыларымызға ерік-жігері, табандылығы және командалық рухы үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз!

 Құттықтаймыз!