Университетіміздің мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Университетіміздің 6В01402–Дене шынықтыру және спорт (IP) білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Тұрдақын Темірлан Алтайұлы грек-рим күресінен АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, еліміздің және оқу ордамыздың абыройын асқақтатты!

Бұл – тынымсыз еңбектің, табандылықтың, үздіксіз ізденістің және биік мақсатқа деген ұмтылыстың нәтижесі!

Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз! Жаңа жеңістер мен толағай табыстарға жете бер!

Педагогика және психология кафедрасы