«Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының өкілімен кездесу

2026 жылғы 15 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Заң мен тәртіп»  бағдарламасын іске асыру  аясында «Құқық» білім беру бағдарламаларының білім алушыларының Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының Кадр жұмысы басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы В.А.Александровпен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесу Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке кіру мәселелеріне,  үміткерлерге қойылатын талаптарға, кәсіби қызметтің ерекшеліктеріне және прокуратура органдары жүйесіндегі мансаптық даму мүмкіндіктеріне арналды.

В.А.Александров үміткерлерді іріктеудің негізгі кезеңдері, білімге қойылатын талаптар, болашақ қызметкерлердің кәсіби және жеке қасиеттері туралы айтты. Прокурор қызметкерлерінің  жұмысында сапалы құқықтық даярлықтың, жеке жауапкершіліктің, қағидаттылықтың, заңдылықты қатаң сақтаудың және кәсіби этиканың жоғары стандарттарының маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Ашық диалог барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университетті бітіргеннен кейін қызмет өткеру ерекшеліктері, кәсіби талаптары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толығырақ біле алды.

Мұндай кездесулер болашақ заңгерлерге мамандықтың  тәжірибелік жағымен танысуға, құқық қорғау жүйесінің мамандарына қойылатын талаптарды жақсы түсінуге және одан әрі кәсіби дамудың мүмкін бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

«Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында іс-шара өткізу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заңға құрметпен қарауға ықпал етеді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы