ҚАЕУ-де журналист-студенттерге арналған семинар өтті
2026 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Журналистика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне арналған семинар өтті.
Кездесудің спикері- «Human’s Hope» қоғамдық бірлестігінің өкілі және NED қолдауымен іске асырылатын «Jastar Soilesin» жобасының жетекшісі – тәжірибеші журналист Индира Кәкімова болды.
Семинар барысында студенттер журналистиканы дамытудың өзекті мәселелерін, өзгермелі медиа ортадағы кәсіби қызметтің ерекшеліктерін, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық келешегін талқылады.
Кездесу студенттерге тәжірибелі маманмен сөйлесуге, заманауи журналистика туралы түсініктерін кеңейтуге және білім беру үдерісін толықтыратын тәжірибелік білім алуға мүмкіндік берді.







