ҚАЕУ-дегі халықаралық қазан
2026 жылдың қазан айы Қазақстан-Американдық еркін университетінде халықаралық академиялық оқиғаларға толы болды. Шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен сарапшылар университеттің білім беру және ғылыми өміріне қатысып, қонақ дәрістер, тәжірибелік сабақтар, семинарлар және студенттермен кездесулер өткізді. Еуропалық университеттермен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ шетелдік білім алушылардың географиясын кеңейту ерекше маңызға ие болды.
ҚАЕУ білім беру үдерісіндегі халықаралық сарапшылар
Қазан айының басында ҚАЕУ- де шетелдік мамандардың – Дэвид МакНами, Кай Нобах, Анита Вржина және Кристиане Жункейра Джованнинидің қатысуымен бірқатар білім беру іс-шаралары жалғасты.
Бағдарлама заманауи ғылым мен жоғары білімнің өзекті бағыттарын қамтыды: жасанды интеллект, көшбасшылық, экономика және басқару, ғылыми зерттеулер әдістемесі, академиялық жазу және зерттеу этикасы.
Дэвид МакНами көшбасшылықтың заманауи үлгілеріне, жаһандық өзгерістер жағдайындағы көшбасшының рөліне және көшбасшылық құзыреттілікті дамытуға бағытталған тәжірибелік сабақтар өткізді. Көшбасшылық-қызмет тұжырымдамасына және ресми биліктен тиімді ықпалға көшуге ерекше назар аударылды.
Кристиане Жункейра Джованнини ғылыми зерттеулерде генеративті жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерін ұсынды. Қатысушылар заманауи цифрлық құралдардың артықшылықтарын, оларды пайдалануды шектеуді және академиялық адалдықты сақтау мәселелерін талқылады.
Анита Вржина академиялық ағылшын тілі, ғылыми жарияланымдар дайындау және зерттеу нәтижелерін халықаралық аудиторияға ұсыну бойынша тәжірибелік сабақтар өткізді.
Шетелдік сарапшылармен кездесулер студенттерге, магистранттарға, докторанттар мен оқытушыларға заманауи халықаралық білім беру тәжірибелерімен танысуға, кәсіби білімдерін кеңейтуге және зерттеу құзыреттерін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Халықаралық ынтымақтастық академиялық дамудың негізі ретінде
Шетелдік оқытушылар мен ғалымдардың сапарлары Қазақстан-Американдық еркін университетінің білім беру моделінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Шетелдік мамандармен тікелей өзара іс-қимыл білім алушыларға әртүрлі ғылыми мектептермен танысуға, ағылшын тілінде кәсіби коммуникация дағдыларын дамытуға және әлемдік білім берудің қазіргі заманғы үрдістері туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.
Тәжірибеге бағытталған оқыту форматтары – шеберлік сабақтары, интерактивті дәрістер, ғылыми пікірталастар және ғылыми жобаларды бірлесіп талқылау ерекше рөл атқарады.
Мұндай жұмыс халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, университеттің ғылыми әлеуетін дамытуға және студенттер мен оқытушыларды әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау үшін жағдай жасауға ықпал етеді.
Халықаралық білім беру географиясын кеңейту
ҚАЕУ халықаралық қызметінің тағы бір маңызды бағыты шетелдік азаматтарды оқыту болды. Қазіргі уақытта университеттің магистратурасында Нигерия Федеративтік Республикасының үш өкілі білім алуда.
Бурга Пруденс Насарава штатында орналасқан Бингам Университетін (Bingham University) Ману Динату Али-Майдугури университеті (University of Maiduguri), Нигерияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі мемлекеттік университеттердің бірі, Рубен Мерси -Гомбе мемлекеттік Университетін (Gombe State University) ұсынады.
Африка континентінің өкілдерін ҚАЕУ-де оқыту университеттің халықаралық географиясының кеңеюін және дәстүрлі ынтымақтастық бағыттарынан тыс академиялық байланыстардың дамуын көрсетеді.
Шетелдік магистранттар үшін Қазақстанда оқыту жаңа кәсіби білім алу, басқа білім беру жүйесімен танысу және халықаралық академиялық ортаға қатысу мүмкіндіктерін ашады. Өз кезегінде шетелдік білім алушылардың қатысуы мәдениетаралық диалогты дамытуға және көпұлтты студенттер қауымдастығын қалыптастыруға ықпал етеді.
ҚАЕУ-халықаралық білім беру мүмкіндіктері кеңістігі
Қазан айындағы іс-шаралар мен шетелдік магистранттарды оқыту Қазақстан-Американдық еркін университетінің халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі дәйекті жұмысын көрсетеді.
Шетелдік ғалымдар мен оқытушыларды тарту, білім беру үдерісіне халықаралық тәжірибені енгізу және шетелдік білім алушылардың географиясын кеңейту университет қауымдастығының академиялық және кәсіби дамуына қосымша мүмкіндіктер туғызады.
ҚАЕУ-нің халықаралық қызметі әлемнің түрлі елдерінің университеттерімен бірлескен зерттеулер, білім беру бастамалары және әріптестік байланыстарды нығайту үшін жаңа перспективалар ашумен жалғасуда.






































