ҚАЕУ-дің Лингвистикалық орталығында сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

2026 жылғы 28 мамырда Қазақстан-Американдық еркін университетінің Лингвистикалық орталығында тілдік даярлық бағдарламалары бойынша оқуды сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.

 Іс-шара студенттерді, оқушыларды, оқытушылар мен орталық қонақтарын біріктіре отырып, жылы және мерекелік ахуалда өтті. Бұл күні түлектер жоғары дайындық деңгейін, кәсіби және жеке дамуға деген ұмтылысын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын табысты меңгергенін растайтын сертификаттар алды. Оқу кезеңінде тыңдаушылар шет тілдерін меңгеру деңгейін арттырып қана қоймай, коммуникацияға,  тәжірибелік дағдыларға және құнды академиялық тәжірибеге ие болды.

Салтанатты рәсімге қатысушыларға ҚАЕУ бірінші вице-президенті Жасұлан Ерболұлы Байкенов пен ҚАЕУ Лингвистикалық орталығының директоры Елена Витальевна Шихотова құттықтау сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар түлектерді оқудың сәтті аяқталуымен құттықтап, оқуда, кәсіби қызметте және жеке өсуде одан әрі жетістіктер тіледі.

Сондай-ақ, орталық оқытушылары тыңдаушыларды курстардың аяқталуымен құттықтап, олардың білім беру үдерісіне белсенді қатысуын, еңбекқорлығын атап өтті.        Салтанатты рәсім барлық қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар, жылы сөздер мен есте қаларлық сәттерді сыйлай отырып, оқу кезеңінің жарқын аяқталуы болды.