ҚАЕУ магистранты халықаралық хоккей   оқу-жаттығу жиынына және жаттықтырушылар семинарына қатысты

2026 жылғы 20-24 сәуір аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінің 7М04106 «Спорт менеджменті» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Найман Есенұлы Жүнісов Астана қаласында Борис Дороженконың басшылығымен өткен оқу-жаттығу  жиынына және жаттықтырушылар семинарына қатысты.

Борис Дороженко – хоккей бойынша халықаралық жаттықтырушы, спортшылардың жеке дағдылары мен сырғанау техникасын дамыту жөніндегі маман. Ол Next Generation Hockey (АҚШ) мектебінің негізін қалаушы және кәсіби хоккейшілермен, соның ішінде Остон Мэттьюс сияқты Ұлттық хоккей лигасының ойыншыларымен жұмыс істеуімен танымал.

Оқу-жаттығу жиыны мен семинар аясында жаттығу  үдерісін құрудың заманауи тәсілдері, спортшылардың физикалық және техникалық дайындығын арттыру әдістері, сондай-ақ спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде ойыншыларды даярлау ерекшеліктері қарастырылды.

Іс-шараға қатысу Найман Есенұлы Жүнісовке кәсіби білімін кеңейтуге және спорттық дайындық саласында практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік берді.

Педагогика және психология кафедрасы