ҚАЕУ неміс тілі оқытушыларының IV Орталық Азия форумында
2026 жылғы 25-26 қыркүйекте Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында неміс тілі оқытушыларының IV Орталық Азия форумы өтті.
Форумның тақырыбы — «Орталық Азиядағы неміс тілі: білім, инновациялар және ынтымақтастық».
Форум жұмысына Қазақстан-Американдық еркін университетінің өкілдері қатысты:
– Әбілов Серік Мерзоянұлы -ҚАЕУ Халықаралық бөлімінің директоры;
— Шихотова Елена Витальевна -ҚАЕУ Лингвистикалық орталығының директоры, шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы.
Форум кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасу және неміс тілін оқытудағы заманауи үрдістерді талқылау, білім берудің цифрлық трансформациясы, жасанды интеллект және халықаралық ынтымақтастық алаңына айналды.
Іс-шара DAAD, Гете-Институт, ZfA және Халықаралық неміс тілі оқытушылар одағының (IDV) стратегиялық ынтымақтастығымен өтті.
ҚАЕУ үшін осындай халықаралық кәсіби іс-шараларға қатысу-академиялық байланыстарды нығайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және университетті кәсіби алаңда таныстыру мүмкіндігі.





