ҚАЕУ түлегімен кездесу: білім, мансап және кәсіпкерлік
2026 жылғы 19 қазанда «Толық адам» рухани-өнегелік бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ «Әлеуметтану» пәні бойынша жастарды кәсіби әлеуметтендіру мәселелерін зерделеу шеңберінде бірінші курс студенттерінің 2023 жылғы ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының түлегі Ильдар Ғабдуллинмен кездесуі өтті.
Ильдар студенттік жылдар туралы естеліктерімен бөлісті, өзінің кәсіби қалыптасуы мен бизнесті құру тәжірибесі туралы айтты. Ол университетті бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу, қызметтің келшегі бар бағытын таңдау және қазіргі жағдайда жас маманға қажетті қасиеттерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Ашық диалог барысында студенттер өздерінің кәсіби траекториясын қалай анықтауға, бірінші жұмыс орнын табуға, мансаптық өсу мүмкіндіктерін пайдалануға және бірнеше қызмет бағыттарын біріктіруге қызығушылық танытты.
Кездесу студенттерге «Әлеуметтану» пәнінің маңызды мәселелерін тәжірибелік мысалда қарастыруға мүмкіндік берді: жастардың кәсіби әлеуметтенуі, жұмыспен қамту, әлеуметтік ұтқырлық, өмірлік және мансаптық стратегияны таңдау, сондай-ақ түлектердің қазіргі еңбек нарығына бейімделуі. Ильдар Ғабдуллиннің жеке тәжірибесінің мысалында білім алушылар білімнің, әлеуметтік ортаның, жеке бастама мен тұрақты дамуға дайындықтың кәсіптік қалыптасуға және кәсіпкерлік қызметке қалай әсер ететінін көрді.
Мұндай іс-шаралар студенттерге алынған теориялық білім мен нақты өмірлік жағдайлар арасында байланыс орнатуға көмектеседі, кәсіби жолды саналы түрде таңдауға ықпал етеді және түлектер мен ҚАЕУ студенттері арасындағы сабақтастықты нығайтады.
Ильдар Ғабдуллинге ашық және мазмұнды әңгіме, пайдалы ұсыныстар және жеке тәжірибелерімен бөлісуге дайын болғаны үшін алғыс айтамыз. Әрі қарай кәсіби табыстар мен жаңа жобаларды іске асыруды тілейміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

