ҚАЕУ мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 28 мамырда Қазақстан-Американдық еркін университетінде ҚАЕУ мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ержан Медетханұлы Айқымбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының м.а. Жанна Қапарқызы Құсайынова, ҚАЕУ бірінші вице-президенті Жасұлан Ерболұлы Байкенов, жастар саясаты жөніндегі проректор Наталья Павловна Уразова, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлнара Сәрсембаева Жексембайқызы, құқық кафедрасының меңгерушісі Алембаев Қайрат Оралқанұлы қатысты. Сондай-ақ, рәсімге кафедра меңгерушілері, факультет декандары мен университет оқытушылары қатысты.

Меморандумға қол қою университет пен мемлекеттік орган арасындағы серіктестік қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болды. Құжат жас мамандарды даярлау, құқықтық мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, кәсіби құзыреттерді қалыптастыру және жастарды мемлекеттік басқару  үдерістеріне тарту саласындағы бірлескен бастамаларды дамытуға бағытталған.

Ынтымақтастық шеңберінде тараптар білім беру және ағарту жобаларын іске асыруды, өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған кездесулер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, семинарлар және басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлайды.

ҚАЕУ студенттер үшін кәсіби өсу,  тәжірибелік дайындық және қоғамдық маңызы бар бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін жасай отырып, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылды белсенді дамытуды жалғастыруда.