ҚАЕУ «Бизнес» кафедрасының кеңейтілген отырысы

2026 жылғы 5 мамырда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Бизнес» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтті, оның шеңберінде 8D04101 – «Менеджмент» білім беру бағдарламасының докторанты Елдар Еркінұлы Мүбараковтың диссертациялық жұмысы алдын ала қорғалды.

«Қазақстан Республикасының еңбек нарығында гендерлік теңдікті қамтамасыз етуді басқару моделін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациялық зерттеу отырысқа қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.

Отырыс жұмысына академиялық қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік ғалымдар қатысты, бұл ұсынылған зерттеуді жан-жақты және құзыретті талқылауды қамтамасыз етті.

Баяндама барысында Е.Е.Мүбараков ғылыми жұмыстың негізгі нәтижелерін баяндап, таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздеді, сондай-ақ ғылыми жаңалықтың элементтерін ашты. Диссертацияда қазіргі заманғы аналитикалық құралдар мен эмпирикалық деректерді қолдануға негізделген еңбек нарығында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету  үдерістерін бағалау мен басқарудың кешенді тәсілі ұсынылған.

Отырысқа қатысушылар зерттеудің айтарлықтай  тәжірибелік бағытын, сондай-ақ оның жұмыспен қамту және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру  мәнмәтініндегі әлеуетін атап өтті.

Ғылыми пікірталас барысында докторант комиссия мүшелерінің сұрақтарына толық және дәлелді жауаптар беріп, теориялық дайындық пен зерттеу құзыреттілігінің жоғары деңгейін көрсетті.

Талқылау қорытындысы бойынша диссертациялық жұмыс философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін қорғауға бірауыздан ұсынылды. Алдын ала қорғау жоғары ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті.

Бизнес кафедрасы