ҚАЕУ-де 2026 жылғы түлектеріне дипломдар табыс етілді

2026 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде 2026 жылғы түлектерге 28-ші  салтанатты дипломдар тапсыру рәсімі өтті. Жүздеген жас мамандар үшін бұл күн өмірдің маңызды кезеңдерінің бірі аяқталып, кәсіби жолдың басталуының символына айналды.

ҚАЕУ отыз жылдан астам уақыт бойы озық отандық және әлемдік білім беру тәжірибесін біріктіретін Қазақстандағы халықаралық серіктестіктің алғашқы университеті болып отыр. Бүгінде университетте халықаралық сапа стандарттарына сай білім беру бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда, академиялық ұтқырлық, қос дипломдық бағдарламалар әзірленіп, оқу үдерісіне жасанды интеллект технологиялары енгізіліп, заманауи цифрлық білім беру ортасы құрылуда.

Түлектер алдында Қазақстан-Американдық еркін университетінің негізін қалаушы, Президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы құттықтау сөз сөйледі. Ол жас мамандарды оқуын сәтті аяқтауларымен құттықтап, оқу орнының басты құндылығы – еліміздің болашағын жасайтын, экономиканы, білім мен ғылымды, мемлекеттік басқаруды дамытатын түлектер екенін атап өтті.

Салтанатты шараның құрметті қонағы Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Мамарбаев Болатбек Омарбекұлы болды. Түлектерді құттықтай отырып, алған білімдерін іс жүзінде іске асыруға, қол жеткізген жетістіктерге тоқталмай, туған жерінің, өңірінің, Қазақстанның дамуына үлес қосуларына тілектестігін білдірді.

Бұл күні бизнес, экономика, қаржы, құқық, халықаралық қатынастар, педагогика, журналистика, шет тілдері, дене шынықтыру және спорт, туризм, менеджмент және басқа да сұранысқа ие мамандар даярлау бағыттары бойынша бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларының түлектері дипломдар алды. Олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, ірі спорттық жарыстардың чемпиондары, университеттің ғылыми, қоғамдық және халықаралық жобаларына белсенді қатысушылар бар.

Мерекенің құрамдас бөлігі ҚАЕУ түлектері қатарына қосу дәстүрлі рәсімі болды. Күні кешегі студенттер академиялық қалпақтарының шашағын ауыстырып, алған білімдері мен кәсіби құзіреттіліктерін қоғам игілігіне пайдалануға дайын екендіктерін растап, өмірлерінің жаңа парағын символдық түрде ашты.

Бүгінгі таңда ҚАЕУ түлектері – заманауи кәсіби білімі, халықаралық тәжірибесі, цифрлық құзыреттіліктері мен көшбасшылық қасиеттері бар мамандар. Университет өз миссиясына – жаңа ұрпақтың көшбасшыларын тәрбиелеуге адалдық таныта отырып, Қазақстан үшін дәл осындай мамандарды дайындайды.

Қазақстан-Американдық еркін университеті 2026 жылғы түлектерді оқуын сәтті аяқтауларымен құттықтайды және баршаларына өзіне сенімділік, жарқын кәсіби жетістіктер және жаңа жеңістер тілейді!