ҚАЕУ оқытушылары UNEC-тегі «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты

2026 жылғы 10-17 қазан аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінің бизнес кафедрасының профессоры, PhD докторы И.В.Бордиану және бизнес кафедрасының аға оқытушы-зерттеушісі Ю.В.Трофимова Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университетінің (UNEC,Баку қ.) базасында «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасына (Ethun Exchange Programme) қатысты.

«Орхун» бағдарламасын түркі мемлекеттерінің ұйымы жүзеге асырады және қатысушы елдердің-Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Венгрияның жоғары оқу орындары арасында академиялық алмасуды дамытуға бағытталған. Бұл оқытушылар мен студенттерге серіктес университеттерде жұмыс істеуге, олардың академиялық тәжірибелерімен танысуға және бірлескен ғылыми жобалар құруға мүмкіндік береді.

Сапар барысында ҚАЕУ оқытушылары UNEC студенттері үшін сабақтар өткізді, қабылдаушы университеттің оқу  үдерісі мен ғылыми жұмысын ұйымдастырумен танысты, сондай-ақ әріптестерімен ынтымақтастық  келешегін талқылады.

Осы бағдарламаның қорытындысы бойынша ҚАЕУ бизнес кафедрасы мен UNEC арасындағы өзара іс-қимылдың нақты бағыттары белгіленді.

«Орхун» бағдарламасына қатысу ҚАЕУ-нің халықаралық байланыстарын нығайтудағы және университет оқытушылары мен студенттері үшін академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін кеңейтудегі тағы бір қадам болды.