ҚАЕУ спорт және білім беру саласындағы серіктестікті нығайтуда: ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2026 жылғы 14 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университеті Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қажымұқан атындағы олимпиадалық резервтің Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесімен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Серіктес тарапынан құжатқа мектеп директоры — Байырханов Мирас Ақылбекұлы қол қойды.

Жасалған келісім дене шынықтыру және спорт саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға, жастарды қолдауға, салауатты өмір салтын насихаттауға және болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған. Студенттерді тәжірибеге бағдарланған оқытуға, бірлескен спорттық және білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға, сондай-ақ мамандар арасында тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылатын болады.