ҚАЕУ студенті еркін күрестен халықаралық турнир жеңімпазы атанды
2026 жылғы 20–22 сәуір аралығында Қарағанды қаласында КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмажан Әкеновті еске алуға арналған жастар арасындағы еркін күрестен XXXII Халықаралық турнир өтті. Аталған жарыс жас балуандардың басын қосатын маңызды спорттық іс-шаралардың бірі болып табылады.
Қазақстан-Американдық еркін университетінің 6В01402 «Дене шынықтыру және спорт» (IP) білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Амангелді Ералы жоғары нәтиже көрсетіп, 57 кг салмақ дәрежесінде турнир жеңімпазы атанды.
Қазақстан-Американдық еркін университеті Амангелді Ералыны лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тілейді!
Педагогика және психология кафедрасы
