ҚАЕУ студенттері АҚШ- тағы халықаралық бағдарламаларға қатысады
2026 жылғы 30 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттердің 2026 жылғы халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуына арналған ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі, Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлымен кездесуі өтті.
Үміткерлерді іріктеу аясында АҚШ-тағы Co-serve International жазғы бағдарламаларына қатысатын студенттер мен магистранттар ұсынылды. Биылғы жылы қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті – ҚАЕУ-нің 20-дан астам студенті оқу және тағылымдамадан өту үшін шетелге аттанады.
Студенттердің бір бөлігі 2026 жылдың 16 шілдесінен 3 тамызына дейін өтетін көшбасшылық Академиясына (Орегон, АҚШ) қатысады. Қатысушылар арасында «Шет тілдері», «Аударма ісі», «Халықаралық қатынастар», «Құқықтану» және «Орыс тілі» бағыттарын қоса алғанда, университеттің түрлі білім беру бағдарламаларының өкілдері бар.
Сондай-ақ, 2026 жылдың 3 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында өтетін Колорадо және Орегон штаттарында (АҚШ) іскерлік тағылымдамаларға қатысу үшін топтар құрылды. Бағдарламалар кәсіби құзыреттіліктерді, тәжірибелік дағдыларды және мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастық аясында ҚАЕУ-нің жаңадан келген шетелдік студенттерімен кездесу өтті. Университет «Халықаралық қатынастар» және «Менеджмент» бағыттары бойынша оқитын АҚШ пен Нигериядан келген магистранттармен толықтырылды.
ҚАЕУ студенттерінің халықаралық бағдарламаларға қатысуы білім алушылардың жоғары дайындық деңгейін дәлелдейді және академиялық ұтқырлық, кәсіби өсу және халықаралық өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін кеңейтеді.














