Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен құттықтаймыз!
Қазақстан-Американдық еркін университетінің ұжымы Бизнес кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Бордияну Илона Владимировнаны қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл маңызды жетістік – Сіздің жоғары кәсібилігіңіздің, көп жылғы адал еңбегіңіздің, ғылым мен білімнің дамуына, сондай-ақ жоғары білікті мамандар даярлау ісіне қосқан елеулі үлесіңіздің лайықты бағалануы.
Сізге сарқылмас күш-қуат, жаңа ғылыми және кәсіби жетістіктер, дарынды шәкірттер мен барлық бастамаларыңызға толағай табыс тілейміз!
Құрметпен, ҚАЕУ ұжымы
