Қазіргі қоғам мәселелері туралы пікірталас — «Ысырапшылдыққа бейімділік»
«Шет тілдері» кафедрасының оқытушысы Палкин Александр Вячеславович 2026 жылдың 17 қыркүйегінде «Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі» қазақстандық білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттеріне үшін ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы қазіргі қоғамның мәселелері — «Ысырапшылдыққа бейімділік» туралы пікірталас болды. Сабақ барысында студенттер ұтымсыз тұтынудың себептері мен салдарын талқылады, өз көзқарастарымен бөлісті және өз ұстанымдарын ағылшын тілінде дәлелдеді. Сыни ойлауды, дәлелді пікірталас дағдыларын және қоғамдық мәселелерге саналы көзқарасты дамытуға ерекше назар аударылды. Мұндай сабақтар студенттерге тілдік құзыреттілікті жетілдіріп қана қоймай, «Адал азамат» мемлекеттік бағдарламасы аясында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға көмектеседі.




