АҚШ Елшілігі делегациясының сапары

2026 жылғы 4 маусымда Қазақстан-Американдық еркін университетіне Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің делегациясы келді.

Делегация құрамына енгендер:

  • Колин Гуарж (Colin Guard), АҚШ Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі;
  • Зарина Каримова, American Corners бағдарламасының үйлестірушісі.

Сапар аясында ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиевпен кездесу өтті. Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастық, білім беру бастамалары мен жастар бағдарламаларын дамыту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, АҚШ Елшілігінің өкілдері әртүрлі елдердің студенттері мен қатысушыларын біріктірген Жазғы көшбасшылық академиясының іс-шараларына қатысты. Қонақтар академия жұмысымен танысып, бағдарлама қатысушыларымен әңгімелесті және халықаралық жастар өзара іс-қимылын, көшбасшылық құзыреттілікті және еріктілер қозғалысын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Бағдарламаны іске асырудың маңызды нәтижелерінің бірі – студенттік белсенділік пен жастардың әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға бағытталған бастама – ҚАЕУ-де еріктілер Қауымдастығын құру болды.