Жоғары білімнен кейінгі білім беру

Жоғары оқу орнынан кейінгі кейінгі білім беру мамандықтары бойынша оқу процесін ұйымдастыруды «Бизнес», «Шет тілдері», «Құқық және халықаралық қатынастар», «Педагогика және психология» кафедралары жүзеге асырады.

Жыл сайын магистранттардың оқу процесіне және ғылыми зерттеулеріне, докторанттардың ғылыми кеңес беру жұмысына АҚШ, Канада, Ұлыбританиядан келген оқытушылар қатысады. Шетелдік мамандар оқыту семинарларын, тәжірибе алмасуға арналған дөңгелек үстелдерді өткізіп, ҚАЕУ-дың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларына қатысады.

Магистранттар мен PhD докторанттарының диссертациялық зерттеулері нәтижелерінің апробациясы жыл сайын университет базасында өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жүзеге асырылады. Бұл конференциялар халықаралық ғылыми Конгресс, Жас ғалымдар форумы, Білім қызметкерлерінің аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында өткізіледі. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізіміне (2012 жылға дейін) енген республикалық «КАСУ хабаршысы» журналында және АҚШ Конгресі Кітапханасында тіркелген «KAFU Academic Journal» ғылыми журналында жарияланады.

Магистратура

Магистратура бағдарламалары білім беру бағдарламалары бойынша іске асырылады:

  • 7М04101, 7М04102 “Менеджмент”,
  • 7М04201, 7М04202 “Құқықтану”,
  • 7М01701, 7М01702 “Шет тілі: екі шет тілі”,
  • 7М04103, 7М04104 “Қаржы”,
  • 7М02301, 7М02302 “Аударма ісі”,
  • 7М04105 “Менеджмент және ақпараттық технологиялар”,
  • 7М04106 “Спорт менеджменті”,
  • 7М06102 “Ақпараттық жүйелер”,
  • 7М03102 “Халықаралық қатынастар”,
  • 7М03104 “Психология”,
  • 7М01704 “Қазақ тілі мен әдебиеті”,
  • 7М01706 “Орыс тілі мен әдебиеті”.

Оқыту күндізгі оқу нысаны бойынша жүргізіледі. Оқу мерзімі дайындық бейініне байланысты 1 және 2 жыл.

Магистратураның бейіндік бағыты

Магистратураның бейіндік бағыты-бұл таңдалған салада кәсіби мамандануға бағытталған бір жылдық бағдарлама. Дипломды бір жыл ішінде алу үшін магистрант теориялық курсты меңгеріп, кәсіби практикадан өтуі, сондай-ақ эксперименттік-зерттеу жұмысын орындауы және магистрлік диссертациясын қорғауы тиіс.

Магистратураның бейіндік бағыты тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар экономика, құқық, қызмет көрсету және бизнес салалары үшін кадрларды жоғары оқу орнынан кейінгі даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асырады. Бұл бағытта ҚАЕУ мансап және жеке тұлғаны дамыту орталығының МВА (іскерлік әкімшілендіру магистрі) даярлаудың білім беру бағдарламасы іске асырылуда.

Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты

Ғылыми-педагогикалық бағыт – бұл жоғары, жоғары оқу орнына кейінгі білім беру және ғылыми-зерттеу секторына терең ғылыми-педагогикалық дайындыққа ие кадрларды даярлауға арналған екі жылдық бағдарлама.

Бағдарлама аясында магистрант зерттеу жұмыстарын жүргізу және жоғары оқу орнында сабақ беру құқығына ие болады. Оқу барысында магистрант теориялық курсты меңгеріп, кәсіби тәжірибеден өтеді, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, магистрлік диссертацияны қорғайды. Бағдарлама толық аяқталған соң және диссертация сәтті қорғалған жағдайда магистратураның академиялық дәрежесі – «магистр» беріледі.

Докторантура

8D04201 “Құқықтану” және 8D04101 “Менеджмент” мамандықтары бойынша ҚАЕУ докторантурасының (PhD) бағдарламасы 2007 жылдан бастап шетелдік серіктес университеттермен бірлесіп іске асырылуда. Докторантура бағдарламасында оқыту басқа оқыту тілін қолдануды талап ететін пәндерді қоспағанда, негізінен ағылшын тілінде жүргізіледі.

Оқу мерзімі-3 жыл.

Академиялық дәрежесі-PhD докторы.

Байланыс ақпараты: 070004, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 76, (7232) 50-50-14