“Шет тілдері” кафедрасының білім беру бағдарламалары

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Берілетін дәрежесі: 6В02301 “Аударма ісі” білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры.

Біліктілік сипаттамасы: тіл білімі бакалавры басқа мемлекеттермен сыртқы саяси, сыртқы экономикалық, ғылыми-мәдени байланыстарды жүзеге асыратын ұйымдарда; экономиканың әртүрлі бөліктерінде; халықаралық туризм жүйесінде; ақпараттық-талдау қызметтері мен агенттіктерде жазбаша және ауызша аударманы жүзеге асыруға тиіс.

  • Кәсіби қызмет объектілері: 
  • Мәдениет мекемелері,
  • Халықаралық ұйымдар,
  • Әр түрлі ақпараттық-талдау қызметтері,
  • Елшіліктер мен өкілдіктер,
  • Министрлік туризм агенттіктері,
  • Баспалар, аударма бюросы,
  • Басқа ұйымдар мен кәсіпорындар.

Берілетін дәрежесі: 6В01703, 6В01704 “Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

Біліктілік сипаттамасы: білім бакалавры білім беру (педагогикалық), эксперименттік-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық, әлеуметтік-педагогикалық, оқу-тәрбие, оқу-технологиялық қызмет үшін дайындалуы тиіс. Халықаралық стандарттық талаптарға сәйкес, бакалавр негізгі кәсіби дайындықтың жоғары деңгейіне ие болуы керек, мәдениетаралық деңгейде шет тілді қарым-қатынас жасауға қабілетті және дайын болуы керек.

Кәсіби қызмет объектілері:

  • үздіксіз және сабақтас шет тілді білім беретін оқу орындары;
  • бастауыш, негізгі және бейіндік мектеп;
  • мамандандырылған мектеп;
  • орта техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері.

Білім беру бағдарламасы7М01701 Шет тілі: екі шет тілі (бейіндік магистратура)
КафедраШет тілі
Бейіндік пәндерПедагогика, Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын,неміс, француз тілдері)
«Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасыЖоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Олар шетел тілін жоғары деңгейде меңгерген, білім беру, әлеуметтік-педагогикалық, оқу-технологиялық, зерттеу және әкімшілік қызметті педагогика мен андрагогика қағидаттарын ескере отырып тиімді жүзеге асырады.
АртықшылықтарыКәсіби қызмет объектілері мен түрлері.

Магистратура бағдарламасын меңгерген түлектердің кәсіби қызмет объектілері – оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ағарту және білім беру жүйелері.
Магистратура түлектері дайындалатын кәсіби қызмет түрлері – педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметі.

Кәсіби қызмет пәндері – инновациялық психологиялық-педагогикалық әдістер мен құралдарды пайдалана отырып білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу; ЖОО аясында магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру; білім беру процесін сүйемелдеу және инновациялық процестерді басқару бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізу.
Мансаптық мүмкіндіктерТүлектер атқара алатын лауазымдар тізімі: бастауыш, орта және жоғары білім беру ұйымдарында шетел тілі мұғалімі; кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарында шетел тілі мұғалімі; педагог-зерттеуші; педагог-тәлімгер; педагог-әдіскер; педагог-модератор; педагог-сарапшы; педагог-шебер және т.б.

Білім беру бағдарламасы7М01702 Шет тілі: екі шет тілі (ғылыми-педагогикалық магистратура)
КафедраШет тілі
Бейіндік пәндерПедагогика, Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын,неміс, француз тілдері)
Білім беру бағдарламасы «Шетел тілі: екі шетел тілі»Жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Олар шетел тілін жоғары деңгейде меңгерген, білім беру, әлеуметтік-педагогикалық, оқу-технологиялық, ғылыми-зерттеу және әкімшілік қызметті педагогика мен андрагогика қағидаттарын ескере отырып тиімді жүзеге асырады.
АртықшылықтарыКәсіби қызметтің объектілері мен түрлері.

Магистратура бағдарламасын меңгерген түлектердің кәсіби қызмет объектілері – оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ағарту, білім беру жүйелері.
Магистратура түлектері дайындалатын кәсіби қызмет түрлері – педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметі.

Кәсіби қызметтің мазмұны: инновациялық психологиялық-педагогикалық әдістер мен құралдарды қолдана отырып білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу; университет аясында магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру; білім беру процесін сүйемелдеу және инновациялық процестерді басқару бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізу.
Мансаптық мүмкіндіктерТүлектер атқара алатын лауазымдар: бастауыш, орта және жоғары білім беру ұйымдарында шетел тілі мұғалімі; кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарында шетел тілі мұғалімі; педагог-зерттеуші; педагог-наставник; педагог-әдіскер; педагог-модератор; педагог-сарапшы; педагог-шебер және т.б.

Білім беру бағдарламасы7М02301 Аударма ісі (бейіндік магистратура)
КафедраШет тілі
Бейіндік пәндерАударма теориясы (ағылшын,орыс, қазақ, корей,қытай, жапон тілдері), Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын)
Білім беру бағдарламасы «Аударма ісі»Шетел тілін жоғары деңгейде меңгерген, мәдениетаралық коммуникацияны жүзеге асыра алатын және аударма саласында тиімді аудармашылық, ғылыми-зерттеу және басқарушылық қызметті қазіргі заманғы аударматану жетістіктеріне сүйене отырып орындай алатын, бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға жағдай жасау.
АртықшылықтарыКәсіби қызмет функциялары: жазбаша аударманы орындау; ауызша кезекті және ілеспе аударманы орындау; аударманы редакциялау және сараптау; әртүрлі жанрлық-стильдік бағыттағы мәтіндерді құрастыру; мәдениетаралық коммуникацияның әртүрлі түрлерінде тілдік делдалдықты жүзеге асыру.
Мансаптық мүмкіндіктерКәсіби қызмет салалары: өнеркәсіп; әкімшілік-басқару саласы; мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласы; халықаралық байланыстар саласы; баспа ісі саласы; бұқаралық ақпарат құралдары саласы; ақпараттық-талдау саласы.

Білім беру бағдарламасы7М02302 Аударма ісі (ғылыми-педагогикалық магистратура)

АМЕРИКАНДЫҚ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Берілетін дәрежесі: 6В02301 – Аударма ісі білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры. “Кәсіби қызмет саласындағы басқару” қосымша біліктілігі / “Туризм”

Біліктілік сипаттамасы: тіл білімі бакалавры басқа мемлекеттермен сыртқы саяси, сыртқы экономикалық, ғылыми-мәдени байланыстарды жүзеге асыратын ұйымдарда; экономиканың әртүрлі бөліктерінде; халықаралық туризм жүйесінде; ақпараттық-талдамалық қызметтер мен агенттіктерде жазбаша және ауызша аударманы жүзеге асыруы, басқару процестерін түсінуі, ұйымның, құрылымдық бөлімшелердің, жобалардың кәсіби қызметін ұйымдастыра білуі тиіс.

Кәсіби қызмет объектілері:

  • аударма бюролары,
  • мәдениет мекемелері,
  • халықаралық ұйымдар,
  • түрлі ақпараттық-талдау қызметтері,
  • туристік агенттіктер
  • елшіліктер мен өкілдіктер, министрліктер.

Берілетін дәрежесі: 6В01703, “Шет тілі: екі шет тілі”білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры. “Кәсіби коммуникация саласындағы аудармашы” қосымша біліктілігі

Біліктілік сипаттамасы: білім бакалавры білім беру (педагогикалық), эксперименттік-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық, әлеуметтік-педагогикалық, оқу-тәрбие, оқу-технологиялық қызмет үшін дайындалуы тиіс. Халықаралық стандарттық талаптарға сәйкес, бакалавр негізгі кәсіби дайындықтың жоғары деңгейіне ие болуы керек, мәдениетаралық деңгейде шет тілді қарым-қатынас жасауға қабілетті және дайын болуы керек.

Кәсіби қызмет объектілері:

  • үздіксіз және сабақтас шет тілді білім беретін оқу орындары;
  • бастауыш, негізгі және бейіндік мектеп;
  • мамандандырылған мектеп, қосымша тілдік білім беру орталықтары;
  • орта техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері,
  • аударма бюролары, ұйымдар мен кәсіпорындардың аударма бөлімдері,
  • халықаралық ұйымдар.