Дене шынықтыру және спорт бойынша нұсқаушы-әдістемелік сабақ

2026 жылғы 2 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің спорт залында «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттеріне арналған нұсқаушы-әдістемелік сабақ өтті.

Сабақ барысында студенттер күш, жылдамдық, төзімділік және қимылдарды үйлестіруді дамытуға бағытталған дене жаттығуларын орындаудың  тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.

Сабақ қорытындысы бойынша жаттығулардың екі түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылды:  кермеде тартылудан және қайтармалы жүгірістен. Қатысушылар дене шынықтырудың жоғары деңгейін, спорттық құмарту және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысты көрсетті.

Жарыс нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Кермеде тартылу:

  • 1 орын – Рамазанов Әли (4 курс);
  • 2 орын-Малышев Даниил (3 курс);
  • 3 орын – Бекенов Әлихан (4 курс).

Қайтармалы жүгірістен:

  • 1 орын – Рамазанов  Әли(4 курс);
  • 2 орын – Айдынбек Нөсер (3 курс);
  • 3 орын-Құсайын Аят (3 курс).

Мұндай сабақтарды өткізу болашақ мамандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге, кәсіби қызметте қажетті  тәжірибелік дағдыларды дамытуға, сондай-ақ спорттық тәртіпті қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

Педагогика және психология кафедрасы