Дене шынықтыру және спорт бойынша нұсқаушы-әдістемелік сабақ
2026 жылғы 2 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің спорт залында «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттеріне арналған нұсқаушы-әдістемелік сабақ өтті.
Сабақ барысында студенттер күш, жылдамдық, төзімділік және қимылдарды үйлестіруді дамытуға бағытталған дене жаттығуларын орындаудың тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.
Сабақ қорытындысы бойынша жаттығулардың екі түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылды: кермеде тартылудан және қайтармалы жүгірістен. Қатысушылар дене шынықтырудың жоғары деңгейін, спорттық құмарту және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысты көрсетті.
Жарыс нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Кермеде тартылу:
- 1 орын – Рамазанов Әли (4 курс);
- 2 орын-Малышев Даниил (3 курс);
- 3 орын – Бекенов Әлихан (4 курс).
Қайтармалы жүгірістен:
- 1 орын – Рамазанов Әли(4 курс);
- 2 орын – Айдынбек Нөсер (3 курс);
- 3 орын-Құсайын Аят (3 курс).
Мұндай сабақтарды өткізу болашақ мамандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге, кәсіби қызметте қажетті тәжірибелік дағдыларды дамытуға, сондай-ақ спорттық тәртіпті қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Педагогика және психология кафедрасы









