АҚШ Елшілігі жобасы аясында өткізілген курстардың нәтижесі
2023 жылдың 11 қаңтары мен 27 сәуірі аралығында АҚШ Елшілігі тарапынан қаржыландыратын «Кақтығыстарды шешудің және толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудың тәсілі ретінде мектептегі медиация қызметін дамыту» жобасы аясында ШҚО мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне арналған 4 онлайн курс өткізілді:
- «Мектеп медиациясының психологиялық негіздері» – оқытушы Катанова елизавета Темирбековна.
- «Медиацияның құқықтық негіздері» – оқытушы Нұрмұхамбетова Қымбат Қабдылқақықзы.
- «Қалпына келтіру тәжірибесі АҚШ мектептеріндегі қақтығыстарды шешу әдісі ретінде» және «Эмоционалды интеллект» – оқытушылар – АҚШ-тық дәріскерлер Роналд Уайли, Джанин Уайли және Дэниел Бэлласт.
Төрт ай ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы 37 мектептің оқушылары мен мұғалімдері мектеп медиациясы бойынша білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.
Курстар аяқтағаннан кейін жоба үйлестірушілері, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары, қ.ғ.к. Гаврилова Юлия Александровна және PhD докторанты Тажиева Маржан Нұрбекқызы курстардың сапасын бағалау, сонымен қатар оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында қатысушылар арасында қорытынды сауалнама жүргізді.
Сауалнама нәтижелері ұсынылған материалдың мазмұнына қанағаттанушылықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ білім беру ортасында жанжалдарды шешу саласындағы негізгі құзыреттердің жеткілікті түрде қалыптасқанын көрсетті.
Барлық оқушылар – Шығыс Қазақстан облысының сегіз ауданындағы мектептердің 248 мұғалімі мен 86 оқушысына «Кақтығыстарды шешудің және толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудың тәсілі ретінде мектептегі медиация қызметін дамыту» жобасы аясында курстарды сәтті оқып аяқтағаны үшін сертификаттар табысталды!
ҚАЕУ көшбасшылары