ҚАЕУ бейіндік сыныбы: стартап-мәдениет және Қазақстандағы IT-даму мүмкіндіктері
“Кәсіпкерлік және бизнес негіздері” және “IT-технологиялар” курстарын зерделеу аясында 2023 жылғы 17 мамырда бизнес кафедрасының аға оқытушысы Мамырбекова Динара Самарқанқызы және ҚАЕУ бейінді сыныбының білім алушылары Шығыс Қазақстан өңірлік “Oskemen IT-HUB”-ға барды (https://astanahub.com/ru/l/OskemenITHub).
“Oskemen IT-HUB” негізгі мақсаты – стартап-мәдениет пен-қоғамдастықты ілгерілету, стартаптарды дамыту үшін қолайлы орта құру және Қазақстанды IT саласындағы көшбасшылардың біріне айналдыру.
Өңірлік штаб басшысы Дидар Мұратұлы IT-хабтың қызметі мен құрылымы туралы айтып, қызықты экскурсия өткізді, болашаққа арналған жоспарлары мен перспективаларымен бөлісті, сондай-ақ Oskemen IT-Hub барлық қатысушыларына тиімді бизнес-процестерді құруға, сондай-ақ оларды масштабтауға, пікірлестермен танысуға және инвестициялар тартуға дайындыққа көмек көрсетілетінін атап өтті. Pitchdeck тұсаукесерлер жасауға, сонымен қатар топтық және жеке тәлімгерлік сессияларға қатысуға үйретеді.
Жұртшылықпен байланыс орталығы


