Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел
2023 жылғы 29 тамызда ҚАЕУ – де “Конституция – жастардың құқықтық мәдениетін, мемлекет пен қоғам бірлігін дамытудың негізі” тақырыбында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Жұмыс барысында мынадай мәселелер талқыланды: азаматтық қоғам құрудағы ҚР Конституциясының рөлі, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы Конституцияның рөлі, жоғары білім беру ұйымдарындағы студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет стандарттары, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру.
Іс-шара ҚАЕУ жастар саясаты жөніндегі проректоры Н.П.Оразованың сөз сөйлеуінен басталды, ол аталған іс-шараны өткізу қажеттігін және оның жастардың құқықтық мәдениетін арттырудағы рөлін атап өтті.
Келесі спикер ретінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.М. Башев сөз сөйледі. Талғат Мамырбекұлы мұндай ынтымақтастық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу ісінде өте маңызды екенін атап өтті және дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларын келе жатқан Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтады.
Қалған спикерлер арасында ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары С.А.Мужчиль, Е.М.Жүніспеков және Н.М. Жүніспеков, сондай-ақ біздің кафедраның студенттері Уалхан Арман және Бастаногов Никита сөз сөйледі.
Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтті. Оның қатысушылары ҚАЕУ барлық мамандықтарының ПОҚ және студенттері болды.
Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясының келе жатқан күнімен құттықтаймыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы