Студенттерге қызмет көрсету орталығы
Студенттерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – СҚО) 01.09.2017 жылы ҚАЕУ Президентінің 31.08.2017 ж. № 53 бұйрығымен құрылды.
СҚО-ның негізгі міндеті білім алушыларға ұсынылатын қызметтердің мәдениеті мен сапасын арттыру мақсатында “бір терезе” қағидаты бойынша уақытылы және тиімді қызмет көрсету үшін жағдай жасау болып табылады.
СҚО Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 76, 123 кеңсе (1 қабат, оң қанат) мекенжайы бойынша орналасқан, тел. 8-7232-50-28-89, kafu_cos17@mail.ru
ҚОО негізгі функциялары:
- Білім алушылар контингентінің қозғалысы бойынша анықтамалар, статистикалық деректерді дайындау және беру.
- Өтініштерді қабылдау, тіркеу, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, ата-аналарға кеңес беру.
- Білім алушыларға, түлектер мен оқыдан шығарылғандарға қажетті анықтамаларды, бұйрықтардан үзінді көшірмелерін және басқа да талап етілетін құжаттарды дайындау және беру.
- Оқу нысандары, оқу бөлімшелері және оқу ақысын төлеу түрлері бойынша білім алушылар контингентін есепке алу.
- Білім алушылар контингентінің қозғалысы туралы бұйрықтар дайындау (қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау, академиялық демалыс, аты-жөнін ауыстыру және т.б.).
- басқа жоғары оқу орындарының сұраулары бойынша жеке істерді дайындау және жіберу.
- Жеке істерді өңдеу және сақтау.
- Келіп түскен сұранымға сәйкес мұрағаттық көшірмелер мен құжаттарды беру, мұрағат құжаттарында бар мәліметтер негізінде қажетті анықтамаларды жасау.
Студенттерге қызмет көрсету орталығы ұсынатын қызметтер тізімі:
- Анықтама беру;
- бұрын оқудан шығарылған білім алушыларды қайта қабылдау туралы өтініштерді қабылдау;
- басқа жоғары оқу орындарынан бұрын оқудан шығарылған білім алушыларды қайта қабылдау үшін өтініштерді қабылдау;
- білім алушыларды басқа жоғары оқу орнынан ауыстыру туралы өтініштерді қабылдау;
- білім алушыларды басқа ЖОО-ға ауыстыру туралы өтініштерді қабылдау;
- білім алушыларды басқа білім беру бағдарламасына/мамандыққа немесе оқу нысанына ауыстыру туралы өтініштерді қабылдау;
- жеке мәліметтерді ауыстыру туралы өтініштерді қабылдау;
- академиялық демалысқа кету туралы өтініштерді қабылдау;
- академиялық демалыстан қайтару туралы өтініштерді қабылдау;
- өз тілегі бойынша оқудан шығару туралы өтініштерді қабылдау;
- аяқталмаған білім туралы анықтама (академиялық анықтама) беру туралы өтініштерді қабылдау);
- жеке істерден құжаттарды беру;
- жатақхана беруге өтініштерді қабылдау, жолдама беру.
Орталық қызметтері
Академиялық демалысқа кетуді рәсімдеу үшін:
- Академиялық демалысқа кету және қайтып келу ережелерімен танысу.
- Студенттерге қызмет көрсету орталығына бару.
- Өтініш толтыру.
- Өтініште бухгалтериядан оқу ақысын төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы белгі қою.
- Академиялық демалысқа кету себебін негіздеу (денсаулығына байланысты (0,5-1 жылға дейін), әскерге шақырылуына байланысты (1 жыл), бала күтіміне байланысты (3 жыл)
- Академиялық демалысқа кету себебін растайтын құжаттарды (дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, шақыру күнін көрсете отырып әскери қызметке шақыру парағы, әскери комиссариаттан анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі) ұсыну.
- Өтінішті қарау кезеңі-5 жұмыс күні.
- Арызды қарау қорытындысы бойынша академиялық демалысқа кету туралы бұйрық дайындалады.
- Мерзім өткеннен кейін академиялық демалыстан шығу туралы өтінішті көрсетілген күннен кешіктірмей жазу қажет. Олай болмаған жағдайда студент академиялық демалыстан мерзімінде шықпаған білім алушылар қатарынан шығарылады.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫСТАН ҚАЙТАРУ
Академиялық демалыстан шығуды рәсімдеу үшін:
- Академиялық демалысқа кету және қайтару ережесімен танысу.
- Студенттерге қызмет көрсету орталығына барып, академиялық демалыстан шығу мерзімін көрсете отырып, қайта қабылдануға үлгі бойынша өтініш рәсімдеу.
- Өтінішке растау құжаттарын қосу (ауруы бойынша – дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы)
- Өтінішті қарау кезеңі-5 жұмыс күні.
- Өтінішті қарау қорытындысы бойынша тиісті білім беру бағдарламасына/мамандыққа, курс пен семестрге академиялық демалыстан шығу туралы бұйрық дайындалады.
- Бұйрық шыққаннан кейін:
- оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты тапсыруды анықтау үшін өз факультетінің тіркеуші офисінің маманына жүгіну.
- «Рlatonus» ААЖ тіркелу үшін логин және пароль алу.
Беріледі:
- Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа;
- Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бөліміне;
- талап ету орны бойынша;
- мұрағаттық анықтама (бітірушіге);
- және басқа.
ҚАЕУ-де оқығаныңыз туралы анықтама алу үшін сізге қажет:
- ЦОС-қа жүгіну, студенттік билетін/магистрант/докторант куәлігін немесе жеке куәлігін көрсету, оқу ақысын төлеу бойынша берешектің жоқтығы туралы бухгалтериядан белгі қою.
- Білім алушыға арналған анықтама 1 жұмыс күнінен аспай дайын болады.
- Әскери комиссариатқа анықтама 3 жұмыс күні ішінде дайындалады.
- Мұрағаттық анықтама бітірушіге ұйымның өтініші немесе ресми сұранысы негізінде 3 жұмыс күні ішінде дайындалады.
Бұл қызмет электрондық өтінім негізінде электрондық форматта ұсынылуы мүмкін. Дайын анықтама PDF форматында Сіз көрсеткен электрондық пошта мекенжайына 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Ресми сұраныс kafu_ukg@mail.ru электрондық мекен-жайға жіберіледі. Жауап сіз көрсеткен электрондық пошта мекен-жайына немесе хатпен жіберіледі (сұрау салуда алушының толық мекен-жайын көрсету).
- Студенттергі қызмет көрсету орталығына бару
- Бухгалтериядан оқу ақысын төлеу бойынша берешектің жоқтығы туралы белгі қойдыру.
- Өтінішті ресімдеу.
- Себебін негіздеп қажеттілігі туралы анықтама әкелу.
- Ерекше үлгідегі анықтама 10 жұмыс күні ішінде ресімделеді.
- Анықтама жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі /түпнұсқа/.
Ауысуды рәсімдеу үшін:
- Жоғары оқу орындарында ауысу және қайта қабылдау ережелерімен танысу.
- Оқу нысанын, курсын, білім беру бағдарламасын, оқу тілін анықтау үшін офис-тіркеушіге (413,314 каб) жүгіну. Оқу құнының 10 %-ы алдын-ала төленгені туралы бухгалтерияның белгісі бар және деканның қолы қойылған қайта қабылдау өтінішіне қосымша алу.
- Студенттерге қызмет көрсету орталығына барып, өтініш рәсімдеу.
Өзіңізбен бірге:
- Білім алушы ауысатын ЖОО ректорының атына елтаңбалы мөрі бар өтініш;
- ҚАЕУ деканатының өтінішіне қосымша/декан, бухгалтерияның қолы;
- Декан жазған транскрипт және баска ЖОО деканатының мөрі;
- Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- Оқуға түсу емтихандарының нәтижелері / ҰБТ, ТКТ сертификатының көшірмесі немесе басқалар/;
- Жеке куәлік /сәйкестендіру үшін/;
- фото 3*4 – 6 дана;
- медициналық анықтама (086У формасы)/Шетелдік ЖОО/;
Ескерту: Егер білім туралы құжатты шетелдік ұйым берген болса, онда ҚР нострификациялау рәсімінен өту қажет.
- 2 данада шарт жасалады.
- Өтінішті қарау кезеңі – 5 жұмыс күні.
- Өтінішті қарау қорытындысы бойынша біздің ЖОО-на ауысу туралы бұйрық дайындалады.
- Сіздің оқуға қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін сіз бұрын оқыған ЖОО-на жеке ісіңізді жіберу туралы сұраныс жібересіз.
- Осы сұраныстың негізінде сіз ҚАЕУ-ге ауысуынызға байланысты, оқуды жалғастыру үшін бұрынғы мекемеден шығарыласыз.
Оқудан шығару туралы бұйрық шыққаннан кейін бұрын оқыған университетке кету парағын тапсыру қажет.
- Бұйрық шыққаннан кейін сіз:
- Оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты анықтау үшін оз факультетініздің офис-тіркеушісіне барасыз (оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты тапсыру – ақылы рәсім);
- «Рlatonus»ААЖ тіркеу үшін логин, пароль алу.
- Сынақ кітапшасын, студенттік билетті алу.
Білім алушыларды басқа жоо-ға ауыстыру
Ауысуды рәсімдеу үшін:
- Аудару және қайта қабылдау ережелерімен танысу.
- Деканатта транскрипт беру туралы өтініш жазу.
- ЖОО-ның толық атауын көрсете отыра, басқа ЖОО-ға ауысу туралы Студенттерге қызмет көрсету орталығында өтініш рәсімдеу.
Өзіңізбен бірге:
- Транскрипт;
- Оқу ақысын төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы бухгалтериядан белгі;
- Жеке куәлік/сәйкестендіру үшін;
- Кету парағы.
- Осы қызметті рәсімдеу кезеңі – 3 жұмыс күні.
- Өтінішке жеке істерден басқа ЖОО-ға ұсыну үшін ҰБТ немесе ТКТ аттестатының немесе дипломының және сертифкатының көшірмесі қоса беріледі.
- Аяқталмаған білім туралы анықтаманы рәсімдеу үшін өтініш жазу (академиялық анықтама).
- Жеке іс ұсынылған ресми сұраныс пен басқа ЖОО-ға ауысу туралы бұйрықтың көшірмесі негізінде жіберіледі.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ БАСҚА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА/МАМАНДЫҒЫНА НЕМЕСЕ ОҚУ НЫСАНЫНА АУЫСТЫРУ
Ауысуды рәсімдеу үшін сіз:
- Аудару және қайта қабылдау ережелерімен танысу.
- Офис-тіркеушіге жүгіну.
2.1 Басқа оқу түріне ауыстыру кезінде:
- Оқыған оқу орнындағы офис-тіркеушіден деканаттың қолы мен мөрі бар транскрипт алу;
- Офис-тіркеушіге барып (каб.413,314) оқыту нысанын, курсын, білім беру бағдарламасын айқындау. Деканның қолы қойылған және оқу ақысын төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы бухгалтериядан белгі қойылған ауыстыру туралы өтінішке қосымша алу;
- 2.2 Басқа білім беру бағдарламасына ауысу кезінде:
- Офис-тіркеушіге барып оқу ақысын төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы бухгалтериядан белгі қоюмен ауыстыру туралы өтінішке қосымша алу;;
- Студенттерге қызмет көрсету орталығына барып аударуға өтініш рәсімдеу.
Өзіңізбен бірге:
- Салыстыру ведомосі;
- Жеке куәлік / сәйкестендіру үшін/;
- Өтінішке қосымша.
- Шартты 2 данада қайта ресімдеу.
- Өтінішті қарау кезеңі-5 жұмыс күні.
- Арызды қарау қорытындысы бойынша ауыстыру туралы бұйрық дайындалады.
- Бұйрық шыққаннан кейін:
- оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты анықтау үшін өз факультетінің офис-тіркеушісіне жүгіну;
- сынақ кітапшасына өзгерістер енгізу.
- Өз бөлімшесінің деканатына жүгіну / колледж, университет/.
- Деканат жатақханаға мұқтаждардың тізімін дайындап, басшының қолы қойылған қажетті мәліметтерді ҚАЕУ-дің Студенттерге қызмет көрсету көрсету орталығына жібереді.
- Студенттерге қызмет көрсету орталығына барып, өтініш жазу.
- 119 кабинеттен жолдама алу.
- Бағытты дайындау уақыты-30 минут.
Өтінім жатақхана нұсқасы
- Студенттерге қызмет көрсету орталығына бару.
- Жеке қатысуымен жеке басын куәландыратын құжатты немесе нотариалдық сенімхаттың түпнұсқасын ұсынылуы тиіс. Электрондық құжаттар мен көшірмелер қабылданбайды.
- Құжатты жеке істен алу себебін негіздеу.
- Оқу ақысын төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы растайтын құжатты (төлем туралы түбіртек, банк түбіртегі, бухгалтериядан белгі) ұсыну.
- Құжаттарды алу мерзімі көрсетілген өтінішті рәсімдеу. Құжаттар 1 айдан аспайтын мерзімге беріледі. Егер берілген мерзім бойынша құжаттар қайтарылмаған болса, жеке іс құжаттарының толық еместігі үшін университет студентті оқудан шығарып жіберуге құқылы.
- Студенттере қызмет көрсету орталығына барып, жеке мәліметтерді ауыстыру туралы өтінішті ресімдеу;
- Өтінішке оқу ақысын төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы бухгалтерияға белгі қою;
- Мәліметтерді өзгерту себептерін негіздеу;
- Өтінішке растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру;Сіздің оқуыңызды құжаттамалық қамтамасыз етуді дұрыс ұйымдастыру үшін кассаның есептік жүйелеріндегі деректерді өзгерту процесіне жауапкершілікпен қарауынызды сұраймыз.
- Жеке мәліметтерді өзгерту туралы бұйрық шыққаннан кейін:
- егер сіз грантта оқысаңыз, стипендия алу үшін жаңа банк картасын алып, жаңа банк картасының деректерін бухгалтерияға хабарлау қажет;
- студенттік билетке және тіркеу офисіндегі сынақ кітапшасына өзгерістер енгізу.
Қайта кабылдауды рәсімдеу үшін:
1. Ауысу және қайта қабылдау ережелерімен танысу.
2. Офис-тіркеушіге (413,314 каб.) оқу нысанын, курсын, білім беру бағдарламасын, оқыту тілін айқындау үшін бару. Деканның қолы қойылған және оқу ақысын төлеу бойынша қарыздын жоқтығы туралы бухгалтерияның белгісі бар қайта қабылдау туралы өтінішке қосымша алу.
3. Студенттерге қызмет корсету орталығына жүгіну және қайта кабылдау туралы өтінішті ресімдеу.
Өзінiзбен бірге:
• Өтінішке қосымша / деканның, бухгалтерияның қолы/
• білімі туралы құжат қосымшасымен / түпнұсқа / – аттестат немесе диплом
• жеке куәлік /сәйкестендіру үшін/
4. 2 данада шарт жасасу.
5. Өтінішті қарау кезеңі-5 жұмыс күні.
6. Өтінішті қарау қорытындысы бойынша қалпына келтіру туралы бұйрық дайындалады.
7. Қайта кабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін:
• оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты анықтау үшін өз факультетінің офис-тіркеушісіне жүгіну;
• “Рlatonus”ААЖ тіркеу үшін логин, пароль алу.
• сынақ кітапшасын, студенттік билетті алу.
БАСҚА ЖОО-ДАН БҰРЫН ОҚУДАН ШЫҒАРЫЛҒАН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ
Қалпына келтіруді рәсімдеу үшін:
- Аудару және қалпына келтіру ережелерімен танысу.
- Офис-тіркеушіге (каб.413,314) оқыту нысанын, курсын, білім беру бағдарламасын, оқыту тілін айқындау үшін бару. Деканның қолы қойылған және оқу құнының 10% алдын ала төленгенi туралы бухгалтерияның белгісі бар қайта қабылдау туралы өтінішке қосымша алу.
- Студенттерге қызмет көрсету орталығына жүгіну және қалпына келтіру туралы өтінішті ресімдеу.
- Өзінiзбен бірге:
- Өтінішке қосымша / деканның, бухгалтерияның қолы/;
- алдыңғы білімі туралы құжат қосымшасымен / түпнұсқа/;
- түсу емтихандарының /ҰБТ,ТКТ нәтижелері немесе басқалар/;
- академиялық анықтама немесе транскрипт;
- оқудан шығару туралы бұйрықтан үзінді;
- медициналық анықтама (086У формасы)/шетелдік ЖОО/;
- жеке куәлік /сәйкестендіру үшін/;
- фото 3*4 – 6 дана;
- тегін ауыстыру туралы құжаттар (қажет болған жағдайда);
Ескерту: Егер білім туралы құжатты шетелдік ұйым берген болса, онда ҚР нострификациялау рәсімінен өту қажет.
- 2 данада шарт жасасу;
- Өтінішті қарау кезеңі-5 жұмыс күні.
- Өтінішті қарау қорытындысы бойынша қалпына келтіру туралы бұйрық дайындалады.
- Кайта кабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін:
- оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты анықтау үшін өз факультетінің офис-тіркеушісіне жүгіну;
- “Рlatonus”ААЖ тіркеу үшін логин, пароль алу.
- сынақ кітапшасы, студенттік билет
Өз еркімен оқудан шығу құжатын рәсімдеу үшін:
- Студенттерге қызмет көрсету орталығына барып, өтініш толтыру.
- Өтініште оқу ақысын төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы бухгалтерияға белгі қою керек.
- Оқудан шығарылу себептерін негіздеу.
- Оқу бағдарламасын өту туралы офис-тіркеушіден транскрипт алу.
- Аяқталмаған жоғары білім туралы анықтаманы рәсімдеуге өтініш беру (қажет болған жағдайда).
- Кету парағынан өту, студенттік билет пен сынақ кітапшасын Студентерге қызмет көрсету орталығына тапсыру.
- Оқудан шығару туралы бұйрық шыққанда:
- ұсынылған жеке басын куәландыратын құжаты негізінде өз құжаттарының түпнұсқаларын (аяқталмаған білімі туралы анықтама, аттестат (диплом) Студенттерге қызмет көрсету орталығынан алу.