Студенттік даму орталығы

Студенттік өмір – бұл алға жылжу, өз талантыңды ашу, шетелдік тағылымдамалар, жаңа жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізу уақыты, сондай-ақ, батыл қадамдар мен жаңа идеялардың бастамасы.

ҚАЕУ халықаралық серіктестік университеті ретінде, 21 ғасыр көшбасшыларын қалыптастыра отырып, тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуда. Сонымен қатар, ол өз студенттерінің кәсіби және шығармашылық әлеуетін жан-жақты дамытуға бағытталған.

ҚАЕУ студенттерді дамыту орталығы– қазіргі жастардың мүддесін қорғап, олардың қызығушылықтарына баса назар аударып, студенттік өмірдің барлық салаларында белсенді саясат жүргізетін біртұтас ұйым.

ҚАЕУ студенттерді дамыту орталығы– университет ректоры бекіткен студенттерді дамыту орталығы туралы ережеге сәйкес әрекет ететін студенттердің тұрақты өкілетті және үйлестіруші органы.

Студенттерді дамыту орталығы2010 жылдан бері бөлек құрылымдық бөлімше ретінде қызмет атқарып келеді. Бүгінде ол университет студенттерінің кәсіби және азаматтық қалыптасуына ықпал ететін сапалы білім беретін орта құру үшін табысты жұмыс жасауда.

Студенттерді дамыту орталығының мақсаты

 Студенттерді дамыту орталығыныңқызметі жастар саясатын жүзеге асыру және оны толыққанды іске қосу бойынша шаралар қабылдауға бағытталған.

Студенттерді дамыту орталығының міндеттері:

  1. ҚР «Білім туралы» Заңында, ҚР «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңында, сондай-ақ, ҚР мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында көрсетілген құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
  2. Студенттерде гуманистік құндылықтарды, патриотизмді, азаматтық мәдениетті, шығармашылық ойлауды, белсенді өмірлік ұстанымды сондай-ақ, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға жағдай жасау.
  3. Студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға көмек көрсету.
  4. Университет студенттерінің құқыққа қайшы әрекеттерінің алдын алу жөнінде саясат жүргізу.
  5. Студенттік қозғалыстарды, бірлестіктерді, қызығушылық клубтарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу.
  6. Республикалық және жастар саясатына қатысты бағдарламаларды қолдау және жүзеге асыру.
  7. Жастар ұсынған жобалар мен бастамаларды қолдау және іске асыруға көмек көрсету.
  8. Оқу үрдісін ұйымдастыру мен жетілдіруге қатысу, академиялық топтарда және университетте жалпы оқу-тәрбие процесін дамыту бағытында жұмыс жасау.
  9. Студенттік ұжымда шығармашылық атфомсфераны және өзара көмек көрсетуді қалыптастыру.
  10. Олимпиадалар, байқаулар, ғылыми конференциялар, салалық шолуларды ұйымдастыру және өткізуге қатысу.
  11. Жастар мәселелерін шешу жөнінде республикалық және жергілікті атқарушы органдармен, жастар ұйымдарымен өзара әрекеттесу.

2019 жылы СДО құрылымына кіретіндер

Студенттік үкімет

2015 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттердің өз-өзін басқару үшін тәуелсіз орган – Студенттік үкімет құрылды. Бұл үкімет ҚАЕУ студенттерінің бастамасымен студенттік жастардың өмірлік маңызды мәселелерін шешу, олардың әлеуметтік белсенділігін дамыту әрі бастамаларын қолдау және жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Студенттік үкімет өз мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін ҚАЕУ-дің барлық құрылымдық бөлімдерімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық, коммерциялық, қайырымдылық және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттеседі.

2023 жылы қыркүйекте студенттер дауыс беру арқылы Студенттік үкіметтің төрағасы қызметіне 7М01702 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенті Ли Мария Станиславовна тағайындалды.

12 студенттік бірлестік (қызығушылық клубтары)

Клуб атауыКлубтың сипаттамасыҚатысушылар саны
1Психологиялық клубПсихологиялық тренингтер, ойындар өткізу. Клубтың негізгі міндеттерінің бірі – психология ғылымының тақырыптары бойынша жалпы шолу жасау.20
2«VORTEX» би клубыБи қойылымдарын қою, «ҚАЕУ таланттары», «Бірінші курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдау» және тағы да сол сияқты шараларға қатысу.50
3Мәдени-мәслихат клубыҚАЕУ-де әртүрлі студенттік іс-шараларды ұйымдастыру.55
4Тіл клубыАғылшын тілінде сөйлесу практикасы, тіл тасымалдаушыларымен қарым-қатынас, грамматиканы оқу, түрлі тақырыптар бойынша қызмет көрсету, жаңа сөздер үйрену.10
5«Venom» би клубыӘлемдік танымал K-pop топтарының хореографиясын үйрену, нақтырақ айтар болса, клуб атауының қойылуына себеп болған аталмыш топ BLACKPINK-тің би элементтерін үйрену.10
6КВНКөңілді әрі тапқыр студенттердің ортасыуниверситеттің визит карточкасы іспетті клуб. Қалжыңдар, көңілді әзілдер, күлкілі импровизациялар – студенттік өмірдің ажырамас бөлігі.8
7«LifeSound» вокалдық бірлестігіҚАЕУ вокалдық клубы – ән айтуды және адамдармен көңілді уақыт өткізуді жақсы көретін белсенді студенттерге арналған клуб. Бұл клуб үлкен аудитория алдында ән айту қорқынышын жеңуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға, ішкі таланттарды ашуға және вокалдық қабілеттерді дамытуға көмектеседі.30
8«Бастау» шығармашылық-театр тобыӘртүрлі командалардың (оқу орындары, университеттер, кәсіпорындар және т.б.) әзілдер мен импровизацияларға қатысатын танымал телевизиялық ойындар өткізіледі.20
9Волонтерлік қауымдастықВолонтерлер – қоғамға немесе жеке адамға пайда келтіру үшін ерікті түрде күш-қуаттарын жұмсайтын адамдар. Студенттердің әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ету, әртүрлі әлеуметтік белсенділік түрлерімен таныстыру. Университет студенттерін Дүниежүзілік волонтерлік қозғалысқа тарту.25
10Үстел ойындары клубыҮстел ойындарын ойнауға арналған кездесулер ұйымдастыру, турнирлер өткізу, ойындар кітапханасын ұсыну, жаңа ойындарды үйрету және ойын ережелерін көрсету. Қатысушылар үшін әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастыру.15
111«Жалын» дебат клубыДебат клубы – студенттердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастырып, қоғамдық өмірге саналы түрде қатысуға, өз пікірін білдіріп, қорғауға үйретеді. Бұл клуб төзімділікті, түрлі көзқарастар мен идеяларға деген құрметті дамытуға ықпал етеді.6
112«Фантасмагория» театр клубыСтуденттіің театр арқылы тәрбиесі мен дамуы, студенттің әртүрлі театрлық қойылымдарға қатысуы.15
1133/9 Царство киберспорт клубыКомпьютерлік бейнеойындарға негізделген командалық немесе жеке жарыстар.6
114«Шығармашылық лабиринт» клубыҚолөнер бұйымдарын жасау7

«JasOtan» жастар қанаты AMANAT партиясының мүдделерін қорғайды.

Біздің басты мақсатымыз – университет студенттерінің өмірін тек пайдалы, жарқын әрі есте қаларлықтай етіп қана қоймай, сондай-ақ, 21 ғасырдың белсенді көшбасшыларын тәрбиелеуге үлес қосу, сол арқылы тәуелсіз Қазақстанның дамуына ықпал ету!

Клуб атауларыУақытыОрныЖетекшілерБайланыс телефоны
 «LifeSound» вокалдық бірлестігі16:00-19:00012 каб.Федорова Арина Александровна8 77893737 37
«VORTEX» би клубыДүйсенбі 17:00 Жұма 17:00017 каб.Мусатаева Меруерт Болатовна8 705 287 78 46
«Venom» би клубыСәрсенбі 17:00 Бейсенбі 17:00017 каб.Мамырова Меруерт Сырымқызы8 708 829 1848
Мәдени-мәслихат клубыДүйсенбі 13:00016 каб.Алешина Анастасия Сергеевна8 705 832 27 10
Волонтерлік қауымдастықДүйсенбі 14:00016 каб.Ли Мария Станиславовна8 700 243 42 09

Наталья Павловна
Наталья Павловна

Уразова Наталья Павловна
Жастар саясаты жөніндегі проректор

Ayan Daurenuly

Аян Дәуренұлы

Студенттерді дамыту орталығының директоры

Ли Мария фото в состав ЦСР

Ли Мария Станиславовна
Студенттік даму орталығының менеджері
«Волонтерлер ассоциациясы» жетекшісі
«Бизнес, құқық және педагогика» факультеті
7M01702 Шет тілі: екі шет тілі

Анастасия Алёшина фото в состав цср

Алёшина Анастасия Сергеевна
«Культмасса секторының» жетекшісі
«Бизнес, құқық және педагогика» факультеті
7M01702 Шет тілі: екі шетел тілі

Мусатаева Меруерт фото в состав цср

Мусатаева Меруерт Болатовна
«Vortex» би клубының жетекшісі
«Бизнес, құқық және педагогика» факультеті
7М01702 «Шет тілі: екі шет тілі»

Меруерт ВЕНОМ

Мамырова Меруерт Сырымқызы
«VENOM» би клубының жетекшісі
«Бизнес, құқық және педагогика» факультеті
7М01702 «Шет тілі: екі шет тілі»

Арина ФЕдорова фото в состав цср

Фёдорова Арина Александровна
«Live Sound» вокалдық студиясының жетекшісі
«Бизнес, құқық және педагогика» факультеті
7М02302 «Аударма ісі»

Студенттік үкімет – ҚАЕУ-дағы оқу-тәрбие процесін басқарудың жалпы жүйесінің элементі болып табылады және студенттердің мүдделері мен қажеттіліктерін барынша ескеруді көздейді.

Студентттік үкіметтің негізгі мақсаты – барлық студенттер ұжымының күш-жігерін біріктіру және үйлестіру, университет әкімшілігіне ғылыми жұмыстарды және мәдени демалыс іс-шараларын жетілдіруге көмек көрсету, студенттік ұжымдардың басқару процестерін жандандыру, сондай-ақ, оларды университеттің қоғамдық өміріне тарту.

Университеттің студенттік үкіметі туралы ақпарат

Ли Мария фото в состав ЦСР

Ли Мария Станиславовна
«Бизнес, құқық және педагогика» факультеті
7M01702 Шет тілі: екі шетел тілі
т. +7 700 2434 209