Үндістанның Ұлттық кадет корпусының жастар алмасу бағдарламасы
ҚАЕУ «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мұқанов Мадияр Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасының курсанттар тобының құрамында 2024 жылғы 16-19 қаңтар аралығында Үндістанның Ұлттық кадет корпусы ұйымдастырған жастар алмасу бағдарламасына қатысады.
Мұндай алмасу бағдарламалары 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы екіжақты халықаралық шарт шеңберінде жүзеге асырылады. Аталған іс-шараның мақсаты – жоғары әскери оқу орындарында оқитын жас кадеттердің, әскери кафедралардың курсанттары мен жастардың әскери-патриоттық рухын тәрбиелеуде тәжірибе алмасу. Биыл іс-шараға 25 мемлекеттің өкілдері қатысуда. Іс-шара бағдарламасы ұлттық іс-шараларға қатысуды, жоғары лауазымды тұлғалармен өзара әрекеттесуді және Үндістан үшін тарихи және мәдени маңызы бар әртүрлі орындардың көрікті жерлеріне баруды қамтитын әртүрлі іс-шараларды қарастырады.
Сондай-ақ, қатысушылар бай мәдениетімен, тарихымен және мұрасымен танымал Үндістанның үш қаласына барады: Дели, Агра және Джайпур. Бағдарламада мәдени ерекшеліктерді, тарихты, экономикалық және саяси даму жолдарын ұсынуды қамтитын қатысушы елдердің тұсаукесері көзделген. Делегациялар Үндістанның Тәуелсіздік күніне арналған ең үлкен шеруге қатысады, онда әрбір делегация ұлттық салтанатты формасын көрсете отырып, өздері ұсынатын елдің туымен маршқа қатысады.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы