«Менеджмент» 8D04101 ҚБ докторанты Елдар Еркінұлы Мүбараковтың докторлық диссертациясын қорғау
ҚАЕУ-де Қазақстан-Американдық еркін университеті жанындағы «8D04101 Бизнес және басқару» («Менеджмент» 8D041 білім беру бағдарламасы) бағыты бойынша диссертациялық кеңесте Мүбараков Елдар Еркінұлының «Менеджмент» 8D04101 ББ бойынша PhD философия докторы дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғау сәтті өтті.
2026 жылғы 26 маусымда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Менеджмент» 8D04101 білім беру бағдарламасының докторанты Елдар Еркінұлы Мубараковтың докторлық диссертациясы қорғалды.
Диссертациялық зерттеудің тақырыбы – «Қазақстан Республикасының еңбек нарығында гендерлік теңдікті қамтамасыз етуді басқару моделін әзірлеу».
Ғылыми консультанттар:
Отандық ғылыми консультант:
1, Бордияну Илона Владимировна – философия докторы (PhD), Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Бизнес» кафедрасының меңгерушісі (Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы).
Шетелдік ғылыми консультант:
2. Хабил Золтан Бузади – философия докторы (PhD), хабилитацияланған доктор, Будапешт Корвинус университетінің қауымдастырылған профессоры (Будапешт, Венгрия).
Зерттеу шеңберінде еңбек нарығын мемлекеттік басқару және реттеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған гендерлік теңдікті қамтамасыз етуді басқарудың авторлық моделі әзірленді.
Диссертациялық кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне Елдар Еркінұлы Мүбараковқа «Менеджмент» 8D04101 білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру бойынша өтініш ету туралы шешім қабылданды.
Қазақстан-Американдық еркін университетінің ұжымы Елдар Еркінұлын диссертациясын қорғауымен құттықтап, одан әрі ғылыми жетістіктер, кәсіби табыстар мен жаңа зерттеу жобаларын тілейді.
Бизнес кафедрасы










