Оқытушылар мен студенттердің ШҚО Полиция департаментінің өкілдерімен кездесуі
2026 жылғы 15 қазанда университетте Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті өкілдерінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен және «Құқықтану», «Құқық және құқық қорғау қызметі», «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламаларының және университеттің өзге де білім беру бағдарламаларының студенттерімен кездесуі өтті.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Қайрат Оралқанұлы Әлембаев қонақтарды таныстырып, ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қазбек Мұхтарұлы Тоқжановқа құттықтау сөз сөйлеуді ұсынды.
Қазбек Мұхтарұлы ішкі істер органдарының тергеу бөлімшелері қызметінің ерекшеліктері, тергеушілер мен анықтаушылардың жұмысы, сондай-ақ полицияға қызметке кіру тәртібі туралы айтып берді. Ол ішкі істер органдарындағы қызмет жоғары жауапкершілікті, қағидаттылықты, зейінділікті, аналитикалық ойлауды және салмақты шешім қабылдауды талап ететінін атап өтті.
Кездесуге қатысушыларға тергеуші жұмысының ерекшелігін нақты көрсететін бейнероликтер көрсетілді.
2026 жылғы 10 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің базасында өткен «Болашақ тергеушілер» республикалық слетіне университет студенттерінің қатысуына ерекше назар аударылды. Кездесу аясында осы іс-шараға арналған бейнеролик көрсетілді.
Слетке қатысушы студенттер Айбек Сексембай, Берікжан Аманғазин, Жансая Тұрсынова, Айсұлу Құрақпаева және Гауһар Мұхтарова, сондай-ақ топ жетекшісі-PhD докторы, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушы – зерттеушісі Рита Әділмұратқызы Әділмұратова алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Университетке жемісті ынтымақтастық үшін алғыс хат табыс етілді.
Қазбек Мұхтарұлы университет басшылығына, профессор-оқытушылар құрамына және студенттерге бірлескен іс-шараларға белсенді қатысқаны, Полиция департаментінің бастамаларын қолдағаны және болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына қызығушылығы үшін алғысын білдірді.
ШҚО Полиция департаментінің өкілдері студенттерді ішкі істер органдарына қызметке кірудің негізгі талаптары мен тәртібімен, қажетті іс-қимылдардың реттілігімен, қызметтің артықшылықтарымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларымен және бастапқы кәсіптік даярлық курстарынан өту шарттарымен таныстырды.
Кездесуге ШҚО ПД криминалистикалық бөлімшесі мен цифрландыру бөлімшесінің қызметкерлері де қатысты. Олар өз қызметінің бағыттары туралы айтып, сот-медициналық чемодандардың әртүрлерін көрсетті, сондай-ақ роботты итті таныстырды және қатысушыларды оның функционалдық мүмкіндіктерімен таныстырды.
Университет атынан Қайрат Оралқанұлы Алембаев ШҚО Полиция департаментіне көп жылғы жемісті ынтымақтастығы, университеттің криминалистикалық полигонының ашылуы мен жұмыс істеуіне тұрақты қолдауы, жәрдемдесуі, сондай-ақ білім алушылардың тәжірибелері мен тағылымдамаларын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін студенттер полиция қызметкерлерімен сөйлесе алды, сот чемодандарының мазмұнымен егжей-тегжейлі танысып, қызығушылық танытқан сұрақтар қойып, ит роботымен жақынырақ танысты.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне көп жылғы ынтымақтастық пен қолдау үшін алғыс айтамыз. Қызметкерлерге Қазақстан Республикасының игілігі үшін табысты қызмет тілейміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы


























