Профессор Ханлар Ганиев ORHUN алмасу бағдарламасы аясында ҚАЕУ де дәрістер өткізді және кәсіби тәжірибесімен бөлісті

Әзірбайжан сәулет және құрылыс университеті (AzMIU) сәулет, құрылыс, инженерия және соған байланысты салаларда жоғары білікті мамандарды даярлауға маманданған елдің жетекші жоғары оқу және ғылыми-зерттеу мекемелерінің бірі болып табылады.

AzMIU-ның негізгі миссиясы – терең академиялық білімі, өзіндік ойлауы, шығармашылық көзқарасы және бәсекеге қабілетті кәсіби дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлау. Университет академиялық жетілу, адалдық, ашықтық, әлеуметтік жауапкершілік, ұлттық және мәдени құндылықтарды құрметтеу және заманауи дамуға ұмтылу қағидаттарын басшылыққа алады.

Студенттердің  тәжірибелік білімі мен дағдыларын дамытуда университеттің Тәжірибе және мансап орталығы маңызды рөл атқарады. Орталық  іс-тәжірибеден өтуді үйлестіреді, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайтады және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Оның қызметі студенттердің кәсіби дамуына, олардың еңбек нарығының талаптарына дайындалуына және жоғары білім мен кәсіби сала арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

2026 жылдың қазан айында AZMIU  Іс-тәжірибе және мансап орталығының басшысы, экономика бойынша философия докторы (PhD), профессор Ханлар И.Ганиев ENHUN алмасу бағдарламасы аясында Қазақстандағы Қазақстан-Американдық еркін университетінде (ҚАЕУ) болды. Сапар барысында профессор Ганиев ҚАЕУ менеджмент кафедрасында дәріс өткізді, сондай-ақ университеттің бейінді құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен кездесті.

2026 жылғы 13 қазанда ҚАЕУ басшылығының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының, орталықтар мен колледждер директорларының, сондай-ақ кафедра меңгерушілерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында AzMIU студенттік  іс-тәжірибені ұйымдастыруда, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуде, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды қалыптастыруда және тәжірибеге бағдарланған білім беруді дамытуда тәжірибесі ұсынылды. ҚАЕУ өкілдері өз кезегінде университетте студенттерді кәсіби даярлауға және серіктес ұйымдармен ынтымақтастыққа қолданылатын тәсілдер туралы айтып берді.

Талқылау екі университет өкілдеріне білім және кәсіби тәжірибе алмасуға, білім беру  үдерісін жетілдіру тәсілдерін қарастыруға, студенттердің кәсіби дайындығын нығайтуға, сондай-ақ мансаптық қызметтерді ұйымдастыру және дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Екі университеттің қолданыстағы тәжірибелерін салыстыру, тиімді тәсілдермен бөлісу және одан әрі бірлескен қызметтің жаңа  келшегін анықтау мүмкіндігі ерекше құнды болды.

ETHUN алмасу бағдарламасы аясында өткен сапар профессор Ханлар Ганиевтің оқытушылық және кәсіби тәжірибесін берудің маңызды мүмкіндігі болды және AzMIU мен ҚАЕУ-нің бейінді құрылымдық бөлімшелері арасында өзара білім алмасуды одан әрі дамытуға ықпал етті.