«Түркі әлемі: өткені, қазіргі заман және болашағы» 11-сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы бойынша X облыстық олимпиада

2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Түркі әлемі: өткені, қазіргі заман және болашағы» тақырыбында 11-сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы бойынша X облыстық олимпиада өтті.

Іс-шараны құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы ұйымдастырды.

Олимпиада оқушылардың Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін тереңдетуге, талдамалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ түркі әлемінің тарихи мұрасына қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған. Конкурстық сынақтар шеңберінде қатысушылар тест және логикалық тапсырмаларды орындады, ауызша сұрақтарға («жанды» сұрақ) жауап берді, сондай-ақ тақырыптық кроссвордты шешті. Тапсырмалар Қазақстанның ортағасырлық, жаңа және қазіргі заман тарихын қоса алғанда, кең ауқымды тақырыптарды қамтыды.

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 11-сыныптарының 85 оқушысы қатысты.

Жеңімпаздар үшін келесі сыйлықтар қарастырылды:

• I орын – ҚАЕУ Президенті, академик Е.Ә. Мәмбетқазиевтің білім гранты; 

• II орын – ҚАЕУ-де оқуға 25% мөлшерінде жеңілдік (екі жүлделі орын); 

• III орын — ҚАЕУ-де оқуға 10% мөлшерінде жеңілдік (үш жүлделі орын). 

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 

I орын – Айдынқызы Амина (Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей.);

II орын –Дәуренұлы Ерасыл (Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің О.Бөкей атындағы  қазақ орта мектебі);

II орын – Нұрланова Алима Тимурқызы (№10 мектеп-гимназия);

III орын – Оқасова Наргиз Дәулетқызы(Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің  О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі); 

III орын – Ерников Кирилл Юрьевич (№34 мектеп-лицей);

III орын –Ибраимова Малика Дәуренқызы ( Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицей).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға Қазақстан тарихына қызығушылық танытқаны, жоғары дайындық деңгейі және білімге деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз. Оқу және ғылыми қызметте одан әрі табыстар тілейміз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы