XV Халықаралық саясаттанушылар жазғы мектебі

2026 жылғы 19-22 тамыз аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында «Жаһандық белгісіздік жағдайындағы саяси институттар: ішкі тұрақтылық пен сыртқы сын-тегеуріндер арасында» XV Халықаралық саясаттанушылар жазғы мектебі болып өтті. Іс-шараны Қазақстанның саяси зерттеулер Қауымдастығы, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ және Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы ұйымдастырды..

Мектеп жұмысына заң клиникасының жетекшісі, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Савелий Александрович  Мужчиль қатысты.

Саясаттанушылардың Халықаралық жазғы мектебі – посткеңестік елдердегі саяси өзгерістерді талқылайтын жыл сайынғы іс-шара. Мектептің мақсаты – Қазақстан Республикасында саяси білімді дамытуға ықпал ету, әлеуметтік гуманитарлық пәндер оқытушыларының, саяси партиялар мен ҮЕҰ белсенділерінің, студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың біліктілік деңгейін арттыру, отандық саяси ғылымның сараптамалық маңыздылығын күшейту.

Қатысушылар үшін саясаттану ғылымының өзекті тақырыптарына арналған дәрістер, дөңгелек үстелдер мен семинарлардың үлкен бағдарламасы дайындалды.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы