«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және әйелдердің құқықтарын қорғау» қонақ дәрісі

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Құқықтану», «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының бітіруші курс студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ дуальды оқыту элементтерін енгізу бойынша ҚАЕУ мен Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бірлескен қызметі аясында ұйымдастырылды.

Студенттер алдында ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Алтайбекұлы Үмітов сөз сөйледі. Қонақ дәрісі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелеріне арналды. Спикер Шығыс Қазақстан облысындағы ахуалды талдауға, осындай құқық бұзушылықтардың жасалу себептеріне және олардың алдын алу шараларына ерекше назар аударды.

Кездесу барысында студенттер полиция органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы практикалық қызметімен, жәбірленушілерді қорғау шараларымен және қайталама құқық бұзушылықтарды болдырмау тетіктерімен танысты. Алынған ақпарат болашақ заңгерлерге теориялық білімдерін тереңдетіп, заңнаманы практикада қолдану ерекшеліктерін зерделеуге мүмкіндік берді.

Осындай кездесулер студенттердің практикалық-бағдарланған даярлығын жетілдіруге, университет пен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ болашақ мамандардың бойында заңдылық, құқықтық тәртіп және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы