«Үйлесімділік тілі»: аударма өзара түсіністік жолы ретінде

2026 жылғы 29 қыркүйекте «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен (Американдық бағдарлама)  білім беру және тәрбие жұмысы аясында «Үйлесімділік тілі: аударма өзара түсіністік жолы ретінде» аударма марафоны өтті.

Іс-шара әлеуметтік ұрандар мен мәдени таңбаланған сөйлемшелерді аударуға арналды. Студенттер нақты тілдік аударманы ғана емес, сонымен қатар мәдени мәнмәтінді, коммуникативті мақсатты және бастапқы мәтіннің эмоционалды әсерін түсінуді қажет ететін мысалдармен жұмыс істеді.

Әлеуметтік ұрандармен (слоган) жұмыс ерекше қызығушылық тудырды: қатысушылар олардың мазмұнын, стилистикалық ерекшеліктерін және мақсатты аудиториясын талдап, содан кейін өздерінің аударма нұсқаларын ұсынды. Аудармада адресаттың бастапқы мағынасын, бейнесін және әсерін қалай сақтауға ерекше назар аударылды.

Аударма марафоны студенттерге кәсіби дағдыларды  тәжірибелік жағдайда қолдануға және аударма тек сөздермен жұмыс қана емес, сонымен қатар мәдениетаралық қарым – қатынас пен өзара түсіністіктің маңызды құралы екеніне тағы бір рет көз жеткізуге мүмкіндік берді.

Іс-шара белсенді шығармашылық жұмыс форматында өтті және болашақ аудармашылар үшін тілдік құзыреттілікті, шығармашылықты және коммуникацияның мәдени ерекшеліктеріне назар аударуға мүмкіндік болды.