ҚАЕУ жетістігінің тарихы – Нұрлан Қапенов
2024 жыл-ҚАЕУ тарихындағы мерейтойлық жыл.
30 жыл бұрын академик Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлының өршіл бастамасының арқасында Қазақстанның шығысында Республикадағы тұңғыш Халықаралық серіктестіктегі ЖОО – Қазақстан-Американдық еркін университеті ашылды.
Біздің өңірдегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі – ҚАЕУ өзінің түлектерінен, студенттерінен, әлемнің түкпір-түкпірінен келген серіктестерінен 30 жылдық мерейтойымен құттықтаулар қабылдайды.
Бүгін бізді алғашқы түлектердің бірі Қапенов Нұрлан Нұрғалиұлы құттықтайды.
Нұрлан Нұрғалиұлы 2000 жылғы «Экономика және менеджмент» мамандығының түлегі. Нұрлан Нұрғалиұлы өзінің еңбек жолын 2000 жылы бастаған және 2003 жылға дейін Астана қаласында «Ай-Су» корпорациясында менеджерден бастап Бас директордың бірінші орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеген, онда компания өнеркәсіптік және азаматтық құрылыспен айналысқан. 2003-2009 жылдары Атырау қаласында «СпецСтройИнжиниринг» ЖШС және «Атырау құрылыс индустриясы» ЖШС Бас директоры, сондай-ақ өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласында жұмыс істеді. 2010 жылы Астана қаласындағы «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ инфрақұрылымдық жобалар департаментінің бас менеджері қызметін атқарды. 2010 жылдан 2014 жылға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ құрылымында корпоративтік басқару және перспективалық даму департаментінің бас менеджері лауазымынан «Samruk – Green Energy» ЖШС («Самұрық-Энерго»АҚ 100% еншілес кәсіпорны) бас директорының орынбасарына дейін жұмыс істеген. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ЖЭК жобаларын іске асырумен айналысатын «Samruk Kazyna – United Green» ЖШС («Самұрық Қазына – Юнайтед Грин») Қазақстан-Британ бірлескен кәсіпорнының бас директоры лауазымында жұмыс істейді.
Нұрлан Нұрғалиұлы энергетика саласын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жобаларды дамытуға елеулі үлес қосты. Атап айтқанда, «Самұрық-Энерго» АҚ жұмысын бастап, қазіргі уақытта табысты іске асырылған жел және күн электр станцияларын салу жөніндегі жобаларды іске асырудың бастауында тұрды. Қазақстан Республикасында әлемдік тәжірибені зерделеуге және енгізуге белсенді қатысты.
Энергетика саласында жұмыс істеген уақытында Нұрлан Нұрғалиұлы Қапенов «Энергетик күні» кәсіби мерекесіне арналған «Samruk-Green Energy» ЖШС Құрмет грамотасымен, 2011 ж. «Энергетик күні» кәсіби мерекесіне арналған «Самұрық – Энерго» АҚ Құрмет грамотасымен, 2012 ж. «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының» Құрмет грамотасымен, 2013 ж. марапатталды., Жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары Министрлігінің құрмет грамотасы-2013 ж., энергетика күнінің құрметіне «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Құрмет грамотасы-2015 ж., 2017 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2016 жылдың желтоқсанында Нұрлан Нұрғалиұлы Қапеновке «Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі» атағы мен медалі табысталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 380 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі берілді.
2018 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының экологиясы саласына 30 жыл» медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 20 маусымдағы Жарлығына сәйкес Н. Қапеновке «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі табысталды.
Нұрлан Нұрғалиұлының жетекшілігімен «Samruk Kazyna-United Green» ЖШС еншілес ұйымы «Бурное Солар-1» ЖШС арқылы 2015 жылдың 2 шілдесінде Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Президенті – Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен іске асырылып, пайдалануға берілді. «Индустрияландыру күніне» арналған телекөпір аясында «Жамбыл облысындағы Бурное учаскесінде қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясы» (бұдан әрі – Жоба) жаңартылатын энергия көздерінің жобасы үлгіге айналды және еліміз үшін маңызды 2016 жылдың 12 мамырында Лондонда өткен ЕҚДБ-ның 25-жылдық жылдық есебінде Жоба әлемдегі 400 жобаның ішінде «Тұрақты даму» санатындағы ең жоғары марапатқа ие болды.
2018 жылдың маусым айында серіктестік «Жамбыл облысындағы Бурное күн электр станциясының екінші кезеңі (50 МВт кеңейту)» жобасын аяқтады, осылайша 100 МВт Бурное күн электр станциясы Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі ең ірі және жасыл энергетика саласындағы бірегей жоба болып табылады.
Сонымен қатар, Нұрлан Қапенов Қазақстандағы жаңартылатын көздер саласындағы «Ерейментау қаласының маңында қуаты 45 МВт жел электр станциясы» және басқалары сияқты барлық ірі индустриялық жобаларға тікелей қатысты.
Бүгінгі таңда Н. Қапеновтың қатысуымен шетелдік инвестор және күн панельдерінің әлемдік ірі өндірушісі «Risen Energy» компаниясы «Қарағанды облысында қуаты 4мвт Гүлшат күн электр станциясының» құрылысын аяқтады.
Жоғарыда көрсетілген жобалармен қатар, 2019 жылғы наурызда Серіктестік Қызылорда қаласының маңында орналасқан «қуаты 50 МВт Байқоңыр күн электр станциясы» жобасын (бұдан әрі – Байқоңыр СЭС) іске асыруға кірісуді жоспарлап отыр.
Н.Қапеновтың басшылығымен еліміздегі жасыл энергетиканы дамытуға Қазақстан экономикасына 50 млн АҚШ долларынан астам қаржы көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.
Нұрлан Қапенов Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Парламенті Сенатының, ҚР жаңартылатын энергия көздерін дамыту және енгізу саласындағы ҚР ЖЭК қауымдастығының жұмыс топтарының мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикасын» дамытуға зор үлес қосты, өзін энергетика саласындағы жоғары білікті, техникалық сауатты басшы ретінде көрсетті, жұмыстың ең озық әдістерін қолдана білді және жаңартылатын энергия көздері саласында көшбасшы болып табылады.
Нұрлан Нұрғалиұлына құттықтауы үшін Алғыс білдіреміз және өз кезегінде оған егемен Қазақстанның игілігі үшін одан әрі табыс, өркендеу және жемісті жұмыс тілейміз!